Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық Ғалымжан Өміртай жамбы атудан Қазақстан чемпионы атанды

Қызылордалық Ғалымжан Өміртай жамбы атудан Қазақстан чемпионы атанды

Kyzylorda-news.kz. Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен ҚР-ның V чемпионатында жерлесіміз Ғалымжан Өміртай 1-орынды жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл облыс тарихында жамбы атудан алғашқы алтын медаль. Жерлесіміздің мергендігі халықаралық жарыстардың жүлдегері, Әлем чемпионы Абзал Тулыбеков, Ералхан Айкөз, Айтбек Сарыбай сынды мергендерден асып түскені, ұлттық спорт мамандарының өзін таң қалдыруда.
Жарыста үздік нəтиже көрсеткен Ғалымжан 29 ұпай жинап, Қазақстан жеңімпазы атанды.
Ғ. Өміртай – Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар елді мекенінде 1999 жылы туылған. Жамбы ату спортымен айналысқанына 3 жыл. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. №7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде ұлттық ат спорты түрлері бөлімшесінің жаттықтырушысы.
Айта кетейік, Қызылордалық шабандоздар көкпар жəне аударыспақ жарыстарына қатысуда. Ел чемпионаты 26 мамыр күні аяқталады.
23 мамыр 2019 ж. 479 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области