Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті

Францияда қазақтар тартысты көкпарды көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Жексенбі күні Қазақстанның көкпардан Жастар лигасы Франциядағы көрермендерге көкпар ойнауды көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақтың ұлттық спорты Парижден 50 шақырым қашықтықтағы Фонтенбло қаласында 25-26 мамыр күндері өткен «Табиғат және аңшылық» фестивалі аясында көрсетілді.
Көкпаршылардың тартысты ойыны фестивальдағы ең қызықты сәттердің бірі болды. Көрермендер ұлттық ойынның ерекшелігімен, шығу тарихымен танысты. Оларға бірқатар тактикалық әдіс пен техникалық машықтардың құпиялары түсіндірілді.
2002 жылдан бері өткізілетін фестиваль бағдарламасында көкпармен қатар, ит жүгіртіп аң аулау, садақ ату, атқа міну өнері, сұңқар салу, аңшылық кернейшінің байқаулары кірді.


27 мамыр 2019 ж. 484 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области