Балаларды қорғау күнінде жүгіруден жарыс өтеді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында балаларды қорғау күні мерекесіне арналған "Жасыл марафон" жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы өтеді.
Оған 7 жасқа дейінгі жəне 8-13 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады.
Жарыс 3 жас ерекшелігі бойынша:
7 жасқа дейінгі - 100 м.
8-10 жас аралығы - 200 м.
11-13 жас аралығы - 300 м. жүгіреді.
Сөре (старт) "Достық үйі" алдынан басталып, Ы.Жақаев көшесінің бойымен мəре (финиш) студенттер сарайында жалғасады.
Жарысты облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен "Ресей Сбербанк" АҚ Еншілес банкінің Қызылорда филиалы ұйымдастыруда.
Өтетін уақыты: 1 маусым сағат 09.00-де басталады.