Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аударыспақ – баланың күш-жігерін арттырады

Аударыспақ – баланың күш-жігерін арттырады

Бұл жолы қазақтың ұлттық ойындарының бірі – аударыспақ туралы айтатын боламыз. Аударыспақ қазақтың ұлттық ойыны ғана емес, ол спорттың бір түрі.

Қара күштің иесі болған жігіттерге арналған бұл спорттық ойын ат үстінде ойналады. Екі атқа мінген екі жігіт бір-біріне қарама-қарсы шығып, қол ұстасып, айқасады. Төрешінің белгісімен ойыншылар бірі-бірін тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын аттан жығып түсіруі қажет. Қарсыласын жыққан жігіт жеңімпаз атанады.
Қазіргі таңда мектеп оқушылары да аударыспақ ойынын ойнап жүр. Балалар бұл ойынды ойнауы үшін ең алдымен бөренеден жасалған ағаш ат қажет. Бөрененің екі жақ басы берік тұғырға бекітіледі. Биіктігі бір-бір жарым метрдей, ұзындығы 70-80 сантиметрдей бір-біріне қапталдас орналасқан ағаштардың ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жететіндей болса жеткілікті. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Мұндай жағдайда ойын шарты бұзылады. «Ағаш аттан» ойыншылар құлағанда денесін жарақаттап алмас үшін, оның айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.
«Шынықсаң шымыр боларсың» демекші, спорттың бұл түрі арқылы балалар күш-жігерін арттып, қиын жағдайдан жол табуға үйренеді.
19 қараша 2018 ж. 1 276 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области