Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Айдар қоюдың мәнісі не?

Айдар қоюдың мәнісі не?


Бұрын ер бала туылған бойда оның орайындағы бір шоқ қарын шашы арнайы қалдырылатын болған. Мұны «айдар» деп атайды.
Айдар - айбардың және күш-қуаттың белгісі. Баяғы кезде перзент көрмей зарығып жүріп, аяқ астынан ұлды болса, оның төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған маржан-моншақ араластырып өріп қоятын салт болған. Кейбір хан ұрпақтары мен байманаптар да жақсы көрген ұлдарының төбелеріне айдар қойды. Айдарлы ұлың, тұлымды қызың бар ма деген фразеологизм осыны аңғартады. Құлдың, күңнің балаларына айдар қойғызбаған. Бұл дәстүрдің де өзіндік мәні бар. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, ондай перзенттерге сүйіспеншілікпен қарай, көрген жерде қастарына шақырып аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп отыраған. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді.
Балаға айдар қоюдағы басты мақсат, ата-ана «осы балам ел-жұрттың қолдап-қорғауына, үміт-тілегіне ие болса екен» деген жақсы ниеті болса керек. Айдар қою түркі, мажарстан қыпшақтары, моңғол, қытай, маньчжур, қалмақ, украин және басқа да халықтарға тән салт. Қазақтың халық ауыз әдебиетінде айдарлы (ұл), тұлымды (қыз), алтын айдар, шоқ белбеу фразеологиялық тіркестер жиі кездесуі бұл салттың этно-мәдени өмірде кеңінен таралғанын көрсетеді. Айдардан немесе тұлымнан зорлап айыру оның иелерінің әуелгі әлеуметтік статусынан айырылғандығын, яғни қорланғандығын бейнелейді. «Тұлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды», - деп келетін батырлар жырларында көп кездесетін белгілі сөз орамдары жеңілген жақтың әуселесінің мүлдем әлсірегендігін білдіреді.
Халық айдарлы адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде кейінгі кезде оң шекеге ерке, ерекше балаға тіл-көз тимесін, сұқтанаған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды.
Бұрын ата-бабаларымыз бұл ғұрыпты көп қолданған. Қазіргі уақытта да баласына айдар қойып жататындар көп. Атадан мұра болып қалған бұл ғұрыпты, яғни айдарды баланы сүндетке отырғызғанда ғана алады.
20 қараша 2018 ж. 1 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области