СӘНДІК БҰЙЫМДАР СЫРЫ
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің діңі ете отырып, әрбір қадамның нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген болатын.
Салт-дәстүрге бай халықтың біріміз. Дана халқымыз ұл-қызының жан сұлулығы мен тән сұлулығына жіті мән берген. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне мұқият қарап, оның киім-кешек, ат-тұрман, безену ісіне аса көңіл бөлген. Қыз ес біліп, етек жинай бастағанда ата-анасы оған киімнің торқасын, аттың жорғасын, әшекейлі ер-тұрман мінгізіп, ел алдына шығарған.
Шашын өріп – шолпы, қамзол, көйлегінің өңіріне сөлкебай, маржан, моншақ тағындырып, көрген көз сүрінердей алтынмен аптап, күміспен күптеп үлде мен бүлдеге орап қоятын болған. Мұны халқымыздың қызға деген құрметі десек, әсілінде былай дәріптеу ғылыми негізсіз емес.
Шолпы, сөлкебай, моншақ, гауһар, маржан, інжу сынды асыл бұйымдар қыздың сұлулығына сұлулық, ақылына ақыл қосса, өскен ортасы мен ел-жұртына қуаныш сыйлап, мерейін өсіреді. Әшекей қыздың жүріс-тұрысын, сөйлеуін, өзін ұстауы мен мәдениетін көркем, әсем етуге септігін тигізеді.
Мысалға, оқыс қимылдаған қыздың жүрісінен әшекейі жағымсыз дыбыс шығарып, оның оғаш қылығын түзеуіне, өзін тежеуіне мәжбүрлейді. Үйлесімді, епті қимылдаған үкілінің шолпы, сөлкебайы жағымды әуен шығарып, оның тәрбиелілігін көрсеткен.
Дана жұртымызда: «Алтын сәндікке, күміс – емдікке» деген қанатты кағида бар. Әжелеріміз заманында білезік, жүзік, шолпы сықылды зергерлік заттарды көбінесе ақ күмістен соқтырған. Ата-бабамыз күміс тазалықтың, адалдық пен дәулеттің белгісі санаса, алтынды керісінше, жолы ауыр деп, оны көп тұтынуға рай бермеген.
Қазақтан өткен дана халық бар ма? Қазақтың кемеңгерлігі, данышпандығы оның әрбір қадамынан осылай көрініс береді? Ұрпағын алтын құмарлықтан, дүниеқоңыздықтан, бағымсыз бақталастықтан сақтап, қанағатшылдыққа, тазалыққа, адалдыққа үйреткен.