БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ПАРТИЯ НЕГІЗІ
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалында «Партияның басты тірегі – бастауыш партия ұйымдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға БПҰ-ның хатшылары қатысты.
Семинарда қалалық партия филиалының сектор меңгерушісі Бағдат Серікұлы Елбасы тапсырмаларын жүйелі орындап, партия жұмысын жаңғыртудың нақты жоспарындағы басым бағыттарды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруға арнауымыз керектігін жеткізді. Сондай-ақ, партия мүшелерінің жарнапұл мәселесін де қозғап, алдағы уақытта аумақтық филиал мәртебесін көтеруге, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар идеология бөлімінің консультанты Жансая Толыбекова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобаларды атап өтіп, соның ішінде келешек ұрпақтың тарихи танымын кеңейтетін «Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа жобаның маңыздылығын атап өтті. «Елбасы «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» бағдарламалық мақалысында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңгек ете оты¬рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім¬мен бет алуын қалаймын» -деген болатын.
«Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа жоба осы ұлттық тарихымыз бен төл мәдениетімізді дәріптеуге ықпал етеді. Жобаны жүзеге асыруға тарихшылар мен түрлі сала мамандары жұмылдырылып, құнды туындылар жинақталатын болады. Бұл өз кезегінде кейінгі ұрпақтың ел, жер ата-баба тарихымен сусындап өсуіне ықпал ететіні даусыз»,- деді Ж.Толыбекова.
Семинар соңында жиылғандар тақырыпқа орай пікір алмасып, жетекші партия жұмысының халық үшін ашықтығы мен жариялылығын тағы бір мәрте айқын көрсету қажеттігін пысықтады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Нұр Отанның» негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналған бастауыш ұйымдардың саны өсуде. Мәселен, қалалық партия филиалының құрамында 8583 мүше тіркелген, 160 партиялық топтан құралған 43 БПҰ жұмыс жасауда.