Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР

ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР


Қай кезеңде болмасын қазақтың ұлттық бұйымдары өз құндылығын жойған емес. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар, сәндік бұйымдар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды. Қазіргі таңда да атадан мұра болып қалған бұл өнерге деген қызығушылық тіпті артып келеді.
«Алайда ерекше мәнге ие шолпы, жағалық секілді сәндік бұйымдарымыз ұмыт болып бара жатыр», - дейді қолөнер шебері Сұлтанғали. Осыны ескерген "QOLONER" ұлттық нақыш орталығының иесі Аида Керімқұлова қолөнер шеберін Түркістаннан арнайы алдырыпты.
Қызылордалықтарға арнап Сұлтанғали шеберлік сағатын өткізді. Оған ұлттық өнерге қызығушылық танытқан қала тұрғындары қатысты. Қолдан күміс бұйымдар жасаудың қыр-сырына қанығып, шебермен ашық әңгіме өрбіді.
Зергерлік өнерге бала Сұлтанғали жас күнінен қызығыпты. Әкесі мен ағасының қасынан қалмай, қолқабыс тигізіп жүріп өскен ол өзіне бұл өнердің қанмен берілген қасиет екендігін айтады.
– Бұл өнерді маған ағам үйретті. Өзімнің қызығушылығым да болды. Қазір негізінен күмістен сәндік бұйымдар жасаймын. Сонымен қатар түйе, жылқы сүйектерін де пайдаланамын. Қазіргі таңда "QOLONER" ұлттық нақыш орталығымен бірлесе жұмыс жасап жүрмін. Бүгінгі шеберлік сағаты да соның нәтижесі. Алдағы уақытта мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз, - дейді Сұлтанғали шебер.
Ноғай суретшісі Әлібек Қойлақаевтың Қызылорда көркемсурет галереясында көрмесі өтіп жатқаны мәлім. Есімі түркітілдес халықа ғана емес әлемге танымал график-суретші Ә.Қойлақаев графика өнерінен арнайы шеберлік сағатын және шығармашылық семинарларын өткізді.

М.ҚОЖАХМЕТОВА,
«Рухани жаңғыру» орталығының маманы
Қызылорда қаласы






21 маусым 2018 ж. 6 664 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области