Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ РУХАНИ ТОЛЫСУДАН БАСТАЛАДЫ

САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ РУХАНИ ТОЛЫСУДАН БАСТАЛАДЫ


Тәуелсіздіктен соң қоғам жаңарды, сана жаңғырды, Қазақстан жаһандық жаңғыруға бет бұрды. Нақты кезеңде Елбасы міндеттегендей, егемен елдің үшінші жаңғыруын іске асыру үшін рухани жаңғыру үдерісіне басымдық берілуде.
Сол себепті, сананы жаңғыртудың, рухани жетілудің алғышарты бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы сынды басым бағыттар қолға алынды. Әлбетте, мұның барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері ол қоғамда жан-жақты қолдау тауып, мемлекетіміздің кеңінен қанат жаюы жолында игі істердің бастамашысы болуда. Аз ғана уақыт ішінде ауқымды істер жүзеге асты.
Негізі рухани жаңғыру дегенде әрбір жеке адамға қатысты мәселелерді, тұлғалық жетілуді ойлау қажет. Мемлекетті құрайтын отбасы болса, сол отбасының әр мүшесі қоғамда өзіндік орын алады. Бұл ретте, кез келген жеке адамның ой-пікірі, адамдық болмысы, отансүйгіштік қасиеті маңызды рөл атқарады.
Өйткені, адам бойындағы мәңгілік құндылықтар оның осы асыл мінездерімен тікелей байланысты. Оның ұлттық рухының көрсеткіші де осылармен бағаланады. Ал, ұлттық рух адамды жігерлендіреді, патриотизмді қалыптастырады, игі істерге, жарқын бастамаларға бастайды. Ең негізгісі, рухани жетілуге жол аша отырып, өз ұлтының құндылықтарын, ата дәстүрін құрметтеуге, ұрпағының санасына сіңіріп өсіруіне ықпалын тигізеді. Осылайша, әрбір отбасы ұлтжанды азаматты тәрбиелеп, қоғамға пайдасын тигізуіне сеп болады. Ал, қоғамға пайдалы азамат елінің, жерінің, қазақ деген дана халықтың салт-дәстүрін, рухани мұрасын батыстанған көріністермен айырбастамасы анық. Елбасы өз мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің діңі ете отырып, әрбір қадамның нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген болатын.
Түсінгеніміздей, әлем көшіне ілесе отырып, рухани қазынамызды, ұлттық кодымызды сақтауға болады және ел жастарының бойына патриоттық сезімді дарыту, ел дамуында рухани салаға басымдық беру қажеттілігі жолға қойылуға тиіс. Яғни, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен әдебиетіміздің, мәдениетіміздің желісін үзбей, жаңа ғасырдың талаптарымен ұштастыру бүгінгі күннің басты мақсаты.
Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру саласы бойынша берген тапсырмалары жедел орындалып жатыр. Алда жасалатын жұмыстар бұдан да ауқымды. Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи үлгіде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеу. Ал сананы жаңғырту барлық салаға байланысты. Әрбір азамат өз туған жерін өркендетуді мақсат етіп, үлес қосса елдегі әлеуметтік мәселелер де шешімін табар еді.
Елбасы тапсырмасы Отан үшін, қазақ ұлты үшін қам жейтін әр партиоттың ой-сана биігінде тұрары хақ. Елбасының мақаласында ерекше атап өткен әр тарауының астарында осы мәселелер жатыр. Ал, бұл мәселелер әрбірімізді ойландыруға тиіс.
«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деген Ұлт көшбасшысының қуатты сөзі әрбір қазаққа қанат бітіреді.
14 тамыз 2018 ж. 1 276 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области