«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Біздің қоғамның беталысы қандай? Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қоғамда үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Тарих тұнбалары насихатталып, ұлттық құндылықтарымыздың бәсі артты. Бағдарламалық мақаланы басты мақсаты – елдің руханиятын, қоғамдық сананы жаңғырту. Біз бүгін қоғамдық сананы жаңғырту бойынша сөз қозғамақпыз.
Әлемде ұлы өзгерістер орын алып, алпауыт мемлекеттер жаһандық дәуірлеу кезеңіне бет алған кезде, біздің ұлттың тағдыры қыл үстінде тұрған еді. Ресей империясының қыл бұрауына түсіп, ешкімнің жанайқайы тыңдалмай, халық жаппай қырылған кезең еді бұл. Дәл осындай өмір мен өлім бәсекеге түсіп жатқан кезде білім мен даму сияқты құнды бағыттар кенжелеп қалды. Сол себепті қоғамдық сананың да деңгейі төмендеді.
Қоғамдық сананың төмендігі - үлкен дерт. Тәуелсіздік алған тұстан бастап бұл дерттен айығудың жолын іздеген Елбасы түрлі бастамалар жасап, қоғамдық сананы жаңғыртуды басты міндетке айналдырды.
Адам санасы түзей салатын техника немесе әлдебір материалдық дүние емес. Оның емі дұрыс ақпаратта. Қоғамдық сананы жаңғыртудан ұлттық болмысымыздың деңгейін көтеру шығады. Міне, көрдіңіз бе, бір-біріне ұштасып жатқан өте маңызды дүниелер.
Қоғамдық сананы жаңғырту үшін қандастарымызға тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды, әлемнің үздік дүниелерін, дамудың не үшін маңызды екенін жете түсіндіру керек. Осы ретте Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады.
Бағдарламалық мақала жоғарыда айтып өткен жасалу керек бағыттардың барлығын қамтиды. Мақала жарияланған бір жарым жылға жуық уақыттың ішінде көтеген игіліктер жүзеге асты. Атап айтсақ, еліміздегі киелі орындар насихатталып, белсенді әрі білімді азаматтардың еңбегі еленіп, шетелдік үздік әдебиеттер қазақ тіліне түпнұсқадан тәржімаланып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталып жатыр.
Бұл – ұлт тарихындағы ұлы белес. Бүгінде жұрты ғана қалған тарихтағы атынан ат үркетін көне қалалардың орынында қызу жұмыстар жүріп, әдебиеттерді аудару үшін арнайы құрылған Ұлттық аударма бюросы күні-түні жұмыс істеп жатыр. Ал еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары бұл жайттардың барлығын уақытында халық назарына ұсынуда.
Ал азаматтарға осы уақытта не міндеттеледі?
Жаһанда «интегралды жан дүние» деген ұғым бар. Яғни, өзіңнің ішкі сарайың. «Рухани жаңғыру» халықтың санасын жаңғыртып, бәсекеге қабілетті ұрпақ жасауға ұмтылған кезде, қалған істің барлығы азаматтарға келіп тіреледі. Егер азаматтардың сана-сезімі үлкен, көңіл көкжиегі кең болса, онда әлгі бастаманы жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Азаматтар өздерінің санасын жаңғыртып, өздерін дамытып, Елбасы бастамасын жүзеге асыруға қолдау көрсетуіміз керек.
Ол үшін азаматтар жаһандық біліммен сусындап, кәсіп барысында қандай факторларға баса мән беру керектгін, бүгінгі заманның беталысын анықтау қажет. Сондай-ақ, өздерінің кәсіп аумағын кеңейтіп, тұрақты дамуды жолға қойғаны абзал.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамның санасын жаңғыртуды көздейді. Өйткені, даму шыңына жету үшін қоғамның ауызбіршлігі мен біліктілік, білімділік деңгейі қазіргіден біршама жоғары болуға тиіс.
Жарқын болашаққа бет алу үшін өз санаңызды жаңғыртыңыз. Бүгінгі күн – өзіңізбен жұмыс жасауға берілген мүмкіндік. Оны ертеңге қалдырмаңыз.