ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕСІНЕН ТАНҒАН БАЛАНЫ МЕШІТ ИМАМЫ ҚҰРАНМЕН ТІРІЛТТІ
Елді елең еткізген бұл жағдай туралы «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ұстазы Мұхтар Гаджиев айтып берді.
«Біз әдеттегідей оқушыларымызға дәріс оқып отырған болатынбыз. Бір кезде мешітке немересін құшақтап келген әжейді көрдік. Қиындыққа тап болған кісі жылап тұрып жағдайын айтып берді. Немересінің денесі суып бара жатыр екен. Есін жимағанына да көп уақыт болған көрінеді. Дәрігерлер көмектесе алмайтындарын айтыпты. Дереу дәрісімізді үзе тұрып, қарияға көмектесуге кірістік», – дейді ұстаз.
Имамдар баланы айнала қоршап, Құран Кәрімді оқып, дем салыпты. Алланың сөзін оқығаннан соң, бала көзін ашып, есін жия бастаған. «Бұл расымен таңғажайып дүние.
Алланың құдіреті шексіз. Арнайы жасалған рәсімнен кейін бала өз-өзіне келіп, «қарным ашты» депті. Әжесі дереу дүкенге жүгіріп, нан, су алып келіп баласын тамақтандырды. Осылайша өлім аузында жатқан бала мешіттен өз аяғымен кетті», – дейді Мұхтар Гаджиев.