КЕШЕГІ КҮН КУӘГЕРІ
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстандағы киелі жерлер географиясына енген нысандар қатарында Қызылорда қаласындағы Христос Спаситель шіркеуі де бар.
Іргесі XIX ғасырда қаланған шіркеу республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер қатарында.
1855 жылдары Перовск қаласында христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарды. 1855 жылдын 13 қазанында жылжымалы шіркеу ашылады. Онын негізін салушы поп Л.Гороховский болды. Ал қала христиандары үшін алғашқы тұрақты шіркеу 1863 жылдан пайда болған.
Шіркеу 1868 жылы болған қатты жауыннан құлап қалған. Сол жылы күйдірілген кірпіштен салынып, төбесі жабылған шіркеудің жаңа үйі пайдалануға берілді. 1890 жылы шіркеудің жаңа ғимараты салына бастайды да, 1896 жылы пайдалануға беріледі. Бүгінде шіркеу – христиан дінін ұстаушылардың бас қосатын орны.
Дәл осыған ұқсас шіркеулер Астраханда және Ташкентте бар.