Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕТІМАСАР ҚАЛАШЫҒЫ

ЖЕТІМАСАР ҚАЛАШЫҒЫ


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, ол өткен жылдан бері нақты жұмыстар атқаруда. Мысалы, бір жылға жетер-жетпес мерзім ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жалпы ұлттық және аймақтық маңызы бар тарихи нысандарға арналған екі бірдей жинақ жарық көрді. Сонымен қатар киелі жерлердің тізімі анықталды. Олардың картасы да жасалды.
Нақты кезеңде Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында аталған ғылыми-зерттеу орталықпен тығыз байланыс орнатылған. Нәтижесінде, орталық тарапынан Қазақстандағы жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысан тізіміне Қызылорда облысынан 12 нысан таңдалып алынды. Ал тізімге енбеген тарихи нысандар қаншама?
Себебі, Сырдың күрең топырағы, тауы мен тасы, тіпті әр төбесі ішіне сырын бүккен ескі қорғандар мен асарларға, қарт тарихтан хабар беретін қалашықтарға толы. Иә, осы бір қазыналы жерінде талай дүние тұнып жатыр. Алаш алаш болғалы қазақтың төрт астанасы орын тепкен Сырдың бойында да өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей тарихи һәм мәдени орындар жетерлік. Солардың бірі – Жетімасар қалашығы.
Біз тақырыпқа тамызық етіп отырған Жетімасар қалашығы қазіргі Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының төңірегінде. Аталған қалашық елді мекеннің оңтүстік-шығыс жағында шамамен 5-6 шақырым жерде орналасқан. Бұл жалғыз болған соң «Жетім асар» деп аталған болуы керек. Жоспарында дөңгелек формалы, қалашықтың сақталған ең жоғарғы биіктігі – 7 метр.
Айта кетейік, ескерткіш қамқорлыққа зәрі. Мұндағы тақтада қалашықтың іргесі қаланған уақыты белгісіз делінген. Сұрастырғанымызда шіркейлілік ақсақал Біләл Махашұлы төбенің үстінде бұрын 4-5 метр биікті құрайтын белгі беретін ағаш болғанын, бұл қалашықтың маңында елін қорғаған батырдың жерленгенін жеткізді. Расында қалашықтың маңайында қорым бар. Сол қорымда Дөнен батыр жерленген екен.
Дөнен батыр – осы Сыр өңірінде қару ұстап, ел қорғаны болған батырлардың бірі. Жоқшылықтың кермек дәмін татқан батыр өз ағайынының жетім балаларына қамқор болған. «Не жасасам да осы жетім балалар үшін жасадым» дейтін көрінеді.
Бұл жер Қарақалпаққа дейін жалғасып жатқан үлкен күрежолдың бойы болған. Яғни, «Шымбай жолы» деп аталып, керуендер жүрген, ат дүбірі толастамаған. Сол кезеңдерде өмір сүрген Дөнен батыр «Мен өмірден өткенде осы күрежолдың бойына жерлеңдер. Ат дүбірін естіп жатайын» деген екен.
Көнеден жеткен осы аңыз желісін байыптасақ, Дөнен батырдың мүрдесі осы Жетімасар қалашығының маңына жерленіпті.
01 тамыз 2018 ж. 855 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области