Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: ҚОЖАНАЗАР ИШАН МЕШІТІ

ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: ҚОЖАНАЗАР ИШАН МЕШІТІ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, нақыт кезеңде ұлттық мүддемізді, рухани санамызды жаңғырту мақсатында ел көлемінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл руханият саласы бойынша берілген Елбасы тапсырмалары барлық өңірде орындалып жатыр деген сөз. Осы орайда Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қызықты мәліметтерді, яғни көне нысандар мен киелі орындар тарихын «Қазалы жауһарлары» айдарымен назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз.

Санамызды жаңғыртқан мақалада: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің жалпыға бірдей ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі», - деген болатын Елбасы. Ал ұлт руханиятының алтын қазығы – мешіттер мен медреселер екені айқын.
Қазақ халқының тарихында айрықша атауға болатын қасиетті жердің бірі – Қазалы. Бұл өлкенің тамыры терең, тарихы кенен. Мұны ертедегі зерттуші-саяхатшылардың жазып қалдырған деректерінен анық бағамдауға болады.
Біз сөз еткелі отырған Қожаназар мешіті – Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан архитектуралық ескерткіштердің бірі.
Тарихи нысанды есепке алу үшін «Казпроектреставрация» институты 1980 жылы Қазалы қаласындағы Ғанибай үйі, Ғанибай мешітімен (қалалық кітапхана) бірге тіркеуге алып, паспортын дайындаған.
Аллаға құлшылық етіп, ел арасында Құран кәрімді, Мұхаммед ғ.с.с. пайғамбардың хадистерін насихаттау, халыққа түсіндіру жолында Қожаназар ишанның еңбегі зор.
Қожаназар ишан Артықбайұлы Әлім тайпасының Ұланақ руынан тарайды. Әлімнің әкесі Қадырқожаның халыққа кең тараған аты – Қаракесек.
Қожаназар ишан 1854 жылы Қазалы уезінің Арықбалық ауылында дүниеге келіп, сол жерде 1917 жылы 63 жасында (пайғамбар жасында) қайтыс болған. Ауыл медресесінен сауат ашқан Қожаназарды 16 жасында әкесі бір топ балалармен керуенге ілестіріп Бұхараға оқуға жібереді.
Осылайша, бала Қожаназар Бұхардағы Қөкілташ медресесінен білім алу Тілеулес және Әзілхан ишандармен бірге оқуға барады. Аталған медреседе 7 жыл оқып, оны толық аяқтап шығады.
Қожаназар ишан заманында Меккеге қажылыққа үш рет барған адам. Бірінші сапарға 1874 жылы барып, алғашқы сапардан 4 жылдан кейін оралған. Екінші рет – 1910 жылы, үшінші рет – 1916 жылы барған.
Ишанның керемет әулиелігі жөнінде ел аузында көптеген аңыздар бар. Қожаназар ишан Қазалы уезінде екі мешіт салдырады. Жеті ұлы болған.
Әйтеке би кентіндегі мешітін інісі Бекназарға арнап 1898-1902 жылдары салдырған. 1902-1924 жылдары осы мешітке имам болды. Мешітті өз қаражатына салдырады.
Сонымен бірге Кенжебай сияқты қалталы азамат көмек көрсеткен көрінеді. Мешіт 1937 жылға дейін жұмыс істеді. 1937-1947 жылдары астық жинайтын қойма болған.
1947 жылы Азамат соғысының ардагері Ырсалы Сақтағанов Сталинге хат жазып, мешіттің үкіметке де, халыққа да зияны жоқ, тек халықты имандылыққа тәрбиелейді деп дәлелдеген.
Міне, содан бері аталған имандылық үйі шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді.
06 тамыз 2018 ж. 1 500 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области