Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫЛҚАМАН БАТЫРДЫҢ АРМАНЫ

ЖЫЛҚАМАН БАТЫРДЫҢ АРМАНЫ


Қазақ халқы батырларға кенде емес. Солардың бірі – Жылқаман батыр 1712 жылы Арал теңізінің шығыс жағалауындағы Ақиректе туған.
Жылқаман батыр 1724 жылы он екі жасында атқа қонып, Әбілқайыр ханның жасағында жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының ұлт азаттық соғысына қатысқан.
Сыбан Рабтан бастаған жоңғар басқыншыларының қолында 1712 жылы Полтава шайқасында қолға түскен швед офицері Ренаттың басшылығымен құйылған зеңбіректер болғаны тарихтан белгілі. Әбілқайыр хаңңың қол астындағы қазақ сарбаздары да ара-тұра мылтықпен қаруланыпты.
Мұны Әбілқайыр ханның патшайым Анна Иоанновнадан зеңбіректер, мылтықтар сұрап жазған Қазақстан Республикасының Алматыдағы тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған хаты да дәлелдейді.
Қазақ қолындағы бірлі-жарым отты қарулардың бірі – «Ақшұбар» деп әлпештеп ат қойған Жылқаман баланың қолындағы мылтық еді.
Реті келгенде Ресей жеріне өтіп, мал сататын Отыншы үйір жылқыға екі пұт оқ дәрісімен құндағы алашұбар бір мылтық алып қайтқанда ағайындары мазақ етіпті дейді. Сонда Отыншы:
– Бастарыңа іс түскенде қорғандарың осы «Ақшұбар» мылтық болар әлі, - деген екен.
Қаршадайынан қан кешіп, жан алып, беріскен талай қырғынға араласқан Жылқаман туған жері Арал теңізінің шығыс жағалауындағы Ақирекке сақайып, ержетіп оралады. Бірақ арада екі жыл өтпей-ақ тағы да «Ақшұбарын» асынып түн қатуға тура келеді. Бұл соғыс қазақ халқының Ресей империясының бодандығына қарсы алғашқы табан тірескен қарсылығы еді.
«Құрыш қазақ» атанған қазақ ақыны, көрнекті қаламгер Зейнолла Шүкіров «Сыр бойы» романында Жылқаман ерлігінің бір парасын келтіріп өтеді. Онда 65 жыл бойы халқының қамы үшін «Ақшұбарын» асынып, аттан түспеген алты Әлімнің ардақтысы батыр бабаның соңғы жорығы жайында айтылады.
Жылқайдар батырдың кегін қайтаруға барған жорық кезінде жас Жанқожа қарсыласын жекпе-жекте жеңіп, көзге түседі. Жылқаман батыр оған «Біздің бастан тайған бақты, саған берсін, тәңірім!» деп батасын берген екен оған.
1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ғылыми экспедициясы Арал теңізінің шығыс жағалауындағы теңіздің түбінде қалған корымның орнынан Самарқанның көк тасынан қашалған құлыптас тапты. Мамандар араб әріпімен жазылған белгі-құлыптастың Жылқаман батырдікі екендігін анықтады. Онда батырдың туған, дүниеден озған жылдары 1712-1790 деп көрсетілген. Құлыптас Қызылордаға әкелінді.
Жан тәсілім етер шағында қоштаса келген ағайындары одан:
– Бұл дүниеде қандай арманыңыз бар? – деп сұрапты. Сонда қарт батыр:
– Мылтықтың түтінін түтініне қостым, бірақ оғын оғына қоса алмадым, - деп көз жұмыпты.
13 қыркүйек 2018 ж. 1 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области