Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИТІ МЫЛТЫҚ – ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

ШИТІ МЫЛТЫҚ – ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР


Облыстық тарихи-өлкетану музейі аймақтағы экспонаттарға аса бай ірі мәдени, ғылыми-зерттеу орталықтың бірі болып саналады.
Музей қорындағы аса құнды экспонаттардың бірі – шиті мылтық. Өз кезеңінде құны өте қымбатқа бағаланған экспонат музейге 1958 жылы өткізілген. Құндағы ағаштан жасалып, шығыс елдеріне тəн оқшантайдың ішкі жағы алты қырлы етіп темірден соғылған.
Қарудың ұзындығы – 150 см құрайды. Ортаазиялық мылтықтың бір түрі болып саналатын қарудың қалай əкелінгені, өкінішке қарай əлі күнге беймəлім. Дегенмен, кейбір деректерде бұл мылтықтың Бұқара қаласында соғылғандығы, ал қаруды Сыр өңірінің қазақтары пайдаланғандығы туралы азғантай мəлімет айтылады. Оны тарихшылар «Қоқан мылтығы» деп те болжайды.
Бұл облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрмыстық бұйымдар, ұлттық қолөнеріміздің озық үлгілері өте көп екендігін аңғартады.
Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы тарихи-өлкетану музейі қорында өлкеміздің ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін сан ғасырлық тарихынан терең сыр шертетін 55 мыңнан астам экспонат сақталуда.
Күнделікті қаурыт тіршілікпен қарбаласып жүріп музей, галерея, театр секілді мәдени һәм рухани орындарды аралауға уақыт таппай жатамыз. Әйтсе де, музейге санаулы сағатқа ғана бас сұққан адамның елінің өткен тағылымды тарихтан кенде емес екеніне көзі жетеді.

Р.АРЫСТАНБАЙ,
Қызылорда қаласы
09 тамыз 2018 ж. 1 297 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области