Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МОНШАҚТЫ ҚАЛАШЫҒЫ

МОНШАҚТЫ ҚАЛАШЫҒЫ


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалып, көне қалаларды одан әрі зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Айта кетейік, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңінде бізің аймақтан облыс көлеміндегі 12 тарихи-мәдени ескерткіш «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енді. Бұған қоса 35 тарихи нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітабына енгізілді.
Осы орайда Жалағаш ауданы аумағында ежелгі қалашықтар мен мәдение-ескерткіштер көптеп кездесетнін айта кетейік. Олардың арасында халыққа танымал орындармен бірге тарихи дәуірі, сондай-ақ атқарған қызметіне байланысты маңызды болғанмен, танымалдығы жоғары емес нысандар да бар. Мысалы, олардың қатарына  көне асар төбелер жатқызуға болады.
Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін осы асар төбелер туралы айтпақпыз.
Моншақты қалашығы Жалағаш кентінің оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 км жерде, Ақсу ауылдық округі аумағында орналасқан. Бұл жер жергілікті тұрғындарға «Жалаңаш төбе» деген атаумен белгілі.
Тарихшылардың сөзінше, қалалық Қаңлы дәуіріндегі қаланың орны. Бұл қаланы Сырдария өзенінің бір арнасы – Қуандария бойындағы Жетіасар қалаларының шығыстағы сілемі десе де болады. Өкінішке орай, қаланың нақты атауы мен тарихы әзірге белгісіз.
Қалашықтың казіргі пішіні екі қабатты төбеден тұрады. Жоғарғы қабаттың өлшемі – 34 метр болса, биіктігі 9-10 метр. Ал, төменгі қабатының өлшемі – 55х50, биіктігі 6-7 метрге жуықтайды.
Қалашықты 2006 жылы Ж.Құрманқұлов басқарған ШРАЭ (Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы) зерттеп, географиялық координаттарын анықтаған екен. Алайда, қазба жұмыстары жүргізілмепті.
21 қыркүйек 2018 ж. 908 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области