Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРАҚ МАҢЫНДАҒЫ ШАЙҚАС (1930 ж)

ҚАРАҚ МАҢЫНДАҒЫ ШАЙҚАС (1930 ж)


Кеңес үкіметіне қарсы шыққан көтерілістің бірі қазіргі Қармақшы ауданы аумағындағы Қарақ тауы маңында болған көтеріліс.
Басшысы – Ақмырза Төсұлы. Қол астына топтасқан үш мыңдай адамды Ақмырза екіге бөліп: «Қарақ» тобын өзі, ал «Кеңтүп» тобын інісі – Таймырза (1905 жылы туған) басқарады.
Көтерілісті басуға ОГПУ органдары Қазалы мен Қызылордадан 2 әскери отряд шығарады. Отрядтарға өз қандастарымыз жол көрсетіп жүреді. Жазалаушылар Ақмырза қолын батысы мен шығысынан қоршайды.
Алғашқы соғыс 1930 жылы 14-наурызда Қарақ елді мекеніне жақын Ақмырза мешітінің маңында болып, онда көтерілісшілер 170-тей адамынан айрылады. Зеңбірек, пулеметпен қаруланған қызылдардың шығыны 9 солдат қана. Архив құжаттары осылай дейді.
Аталған шайқас кезіндегі Абат және Төлеген Жекебатыровтар, Әжікерей сынды мергендердің жанқиярлық ерліктері ел жадынан әлі өшкен жоқ.
Күші мен қаруы басым жазалаушылармен (басшылары: Жалудь, Цуканов, Ж.Альшанский) бірнеше мәрте шайқасып, титықтаған көтерісшілерге Ақмырза:  «...Жеңілетініме менің зейінім жетеді. Ұлттық мүддені қорғау жолында өлсем арманым жоқ! Аман-сау тұрғанда бас сауғалаңдар!»  - деп рұқсат береді.
Жанында қалған аз ғана жасақтарымен бірге Қызылқұмда 1930 жылғы 26 наурызда болған соңғы шайқаста көтерілісшілердің 107-сі қаза тауып, 150-дейі жараланады, ал 200-ге жуығы құтылып кетеді.
Қызылдар мен олардың жергілікті жандайшаптары Ақмырзаны өлтіріп, онымен қоймай медреседегі барлық кітаптарды, басқа да заттарды үстіне үйіп өртеп, мешіттің төбесін ортасына түсіреді.
Ақмырзаның өліміне қатысты ел аузында басқа да әңгімелер кездеседі. Барлығына ортақ ақиқат біреу – ол Ақмырзаның өртелгені.   
/жалғасы бар/

Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу
институтының ғылыми қызметкері
26 қыркүйек 2018 ж. 1 063 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области