Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨЖЕБАЙ САЙЫНДАҒЫ ШАЙҚАС (1930 ж)

КӨЖЕБАЙ САЙЫНДАҒЫ ШАЙҚАС (1930 ж)


«Әрбір өлкенің халқына қорған, ыстығына сая, суығына пана болған баһадүр бабалары бар. Олардың есімін ұрпақтары ұмытпауға тиісті» деген Елбасы лебізі көкірегі ояу әрбір адамға ой салары анық.
Тарихшы-ғалым Бақытжан Ахметбектің «Сыр бойындағы тарихи шайқастар» тақырыбындағы мақаласынан Сығанақ шайқасы (1219 ж), Қарақұм  құрылтайы (1710 ж), Жауғаш шайқасы (1725 ж), Ақирек шайқасы (1836 ж), Ақмешіт түбіндегі шайқас (1853) және «Арықбалық шайқасы» атты мақалалар сериясын қалың оқырманға ұсындық. Енді бүгін Көжебай сайындағы шайқас жайында айтпақпыз.
Кәрі тарихқа үңілсек, жаугершілікпен өткен қиын заманда қазақ халқының басынан небір қиын-қыстау кезеңдер өткенін байыптар едік. Соның бірі тарихта «Көжебай сайындағы шайқас» деген атпен қалған көтеріліс еді.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпте кедейлерді де кулактар қатарына жатқызу, жұртты мал-мүліктерінен айырып және дінге тыйым салғандықтан Сыр бойы халқы да Кеңестік жүйеге қарсы көтеріліске шықты.
1930 жылы Қармақшы және Тереңөзек аудандарының жерінде молда Жұмағазы хан Бәйімбетұлы мен батыр Қожбан хан Жұбанұлы басқарған көтеріліс болды. Ел ауызында бұл көтеріліс «Алтындар көтерілісі» деген атпен аталады. Өйткені, көтеріліске қатысқан жандардың көпшілігі Кіші жүздің Алтын руынан болған.
Көтерілісшілер мен Кеңес үкіметі әскерлерімен болған шешуші шайқас 1930 жылы 8 желтоқсан күні Көжебай сайында болды. Көтерілісшілер күші тең емес еді. Сондықтан да ұрыста көтерілісшілер талқандалды. Аталған сайда қанды қырғын болған.
/жалғасы бар/

Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу
институтының ғылыми қызметкері
25 қыркүйек 2018 ж. 1 321 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области