Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚМЕШІТ ТҮБІНДЕГІ ШАЙҚАС (1853 Ж)

АҚМЕШІТ ТҮБІНДЕГІ ШАЙҚАС (1853 Ж)


Тарихшы ғалым Б.Ахметбектің «Сыр бойындағы тарихи шайқастар» тақырыбындағы мақаласынан Сығанақ шайқасы (1219 ж), Қарақұм  құрылтайы (1710 ж), Жауғаш (1725 ж) және Ақирек (1836 ж) шайқастары туралы мақалалар сериясын қалың оқырманға ұсынған едік. Енді бүгін Ақмешіт түбіндегі шайқасы туралы баян етпекпіз.
...Патша үкіметі Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийге Ақмешітті қалайда басып алу туралы тапсырма береді. Перовский 1853 жылы 22 сәуірде 3 мыңнан аса әскерді бастап жорыққа шығады.
Перовский бұл әскери іс-шараға жоғары деңгейде дайындалғаны соншалықты, оған сол уақыттағы орыс әскерінің барлық түрлері: жаяу әскер, атты әскер, зеңбірек батареялары, инженерлік топ, саперлік бөлім, казактар және әскери флотилияны кіргізеді.
Ақмешітке жеткен Перовский бастаған патша әскерлері бекініске тіке шабуылға шығуға бата алмай, қоршауға алып, батареяларды орналастыру үшін оның жан-жағынан траншеялар қазады. Бекіністі қорғаушыларға сырттан көмекке әскердің келтірмеу амалын қарастырған Перовский Жаңадариядағы тоспаны бұзып жібереді.
Орыстарға көмекке Сыр бойында хандық құрған Әбілқайыр ханның шөпшегі Елікей хан Қасымұлы әскерімен қосылады.
Ақмешіттің түбінде қазақтар мен қоқандықтардың шайқасы кезінде жекпе-жек болады. Жаппас Құрақ батыр, Жаппас Табан батыр (мерген) жекпе-жекке шығып орасан ерлік көрсетеді.
Патша үкіметі Орынбор генерал-губернаторы В.Перовский 1853 жылы 8 шілде күні барлық батареялардан бекініске қарай оқ жаудыруға бұйрық береді. 
Бекіністі қорғаушылар жау күшіне төтеп беріп, қарсы шабуыл жасады. Олардың ерлігіне Перовскийдің өзі де қайран қалыпты деседі.
Ол өзінің Булгаков деген досына жазған хатында "бекіністегі 300 адамды өз еркімен берілуге мәжбүр ете алар емеспін” деп мойындайды.
Қорғанға бірінші болып Сыр бойының қазақтары кіреді. Осылайша Ақмешіт бекінісін қорғаушылар өз күштерінің әлсіздігіне қарамастан орыс әскерімен үш аптадан аса аянбай соғысып, ақыры оқ-дәрісі таусылған соң амалсыздан беріледі.
Ал Ақмешітті қорғаушылар болса барлығы дерлік қазақтардан тұрғандықтан, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің туған қаласы үшін шайқасты. Сонымен қатар, Ақмешітті қорғаушылардың қазақтардан тұрғанын мұрағат құжаттары дәлелдей түседі.
Перовскийдің жоғары жаққа жасаған мәліметінде Ақмешітті қорғау кезінде өлгендердің бәрін қоқандықтар деп атаған. "Тұтқынға түскен 74 қорғаушының біреуі ғана бұхарлық саудагер, ал қалғандарының бәрі де сол жердің қазақтары” дейді.
/жалғасы бар/

Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу
институтының ғылыми қызметкері
20 қыркүйек 2018 ж. 1 135 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области