Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАМАЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ БІРІ – АҚҚОРҒАН

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАМАЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ БІРІ – АҚҚОРҒАН


Жаңақорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдай жерде. Сырдарияның сол жағалауындағы қазіргі Түгіскен ауылының аумағында болған. Бұл күнде қаланың төбеге айналған орны ғана қалған.
Аққоған қаласы XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы кезеңіндегі Сыр бойында өркендеген біраз қалалармен қатар аталады. Тарихшы Ибн Рузбихан «Түркістанның отыз бекінісі» атты еңбегінде Сырдария мен оның сол жағалауындағы Аркөк, Өзгент қаласымен бірге Аққорған қаласын да дамыған қалалардың қатарына жатқызды. Бұл қала үлкен сауда орталығы болғанмен, суармалы егін шаруашылығы дамыған бекіністі қала. Кейбір жазба деректерге қарағанда, Аққорғанда астықтың мол қоры болған. Халқы жер жыртып, егін салған. Жаздық, күздік бидайларды көп еккен.
Әбілқайырдан кейінгі өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің хатшысы болған Рузбиханның жазуына қарағанда, Шайбани хан Аққорған және сол маңдағы бекіністі қалалардан өзінің әскерлерін азықтандыру үшін қанша астық жинаса да табыла беретіндігін айтады.
1446 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайыр Сығанақ, Өзгент қалаларымен бірге Аққорған қаласын да басып алған. 1581 жылы Өзгентке жорық жасап бара жатқан Абдолла ІІ ағасы Ибадулла сұлтанмен Аққорған маңындағы кең жайлауда кездескен. Аққорған қаласы кезінде сол аймақтың саяси және экономикалық өмірінде лайықты рөл атқарған.
05 қазан 2018 ж. 1 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области