Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРАСОПЫ КЕСЕНЕСІ

ҚАРАСОПЫ КЕСЕНЕСІ


Өзгеріссіз өз архитектуралық маңызын сақтап тұрған бірден-бір ескерткіш – Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайх кесенесі. Кесене ХVІІ-ХІХ ғасырларда салынған. Жобадағы өлшемі 14х9 метр, биіктігі-9 м, үстінде 8 айшығы бар, шағын екі бөлмеден тұрады. Қабір жатқан бөлменің аумағы 12,34 х 8,70 м, қосалқы бөлме аумағы 6,50 х 5, м. Есігі құбылаға қараған, алдында Қарасопының төртқұлақты сағанасы бар. Жаңақорған кентінен 5 шақырым оңтүстік батысында орналасқан. Басында белгі тақтасы бар, сырты қоршалған. Қарасопы Айқожа ишанның шәкірті, әулие кісі болған. Айқожа ишан Қарасопыны көзінің тірісінде Қаражан деп атаған. Желдей есіп жылдам жүретін Қарасопыны Айқожа ишан алыс-шалғайдағы халық арасына дінді уағыздауға және дау-дамайға төрелік жасауға жұмсап отырған. Айқожа ишанның 11 баласының бәрі де білімдар болған. Соның бірі – Мамырайым шайх Қоңырат Алты атаның пірі болған. Кейіннен осы жерге ағайынды Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхқа арнап Қоңырат Алты атаның ұрпақтары күмбезді кесене салған. Бұрынғы басылымдарда Айқожа ишанның баласы Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың басына тұрғызылған күмбезді кесенені Қарасопының кесенесі деп осы кезге дейін жаңылыс жазылған. Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы діннің аяғын тұсап, қожа-молдалардың соңына шырақ алып түскен қуғын-сүргіннің кезінде, тіпті 1937-1938 жылдары Айқожа ишан ұрпақтарының алды атылып, соңы түрмеге қамалып жатқан кезде кесенені Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың кесенесі деп айтуға қорқып, «баяғыда өмірден өткен Қарасопының кесенесі» дей салған.
Қарасопы дүниеден өткен соң оның мәйіті осы жерге қойылған. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің «Қызылорда облысы» бойынша жинағындағы «Қарасопы кесенесі» деген мақалада: кесене Қарасопы деп аталғанмен, бұл жерде Айқожа ишанның балалары Мамырайым, Ыбырайым шайхтар жерленген, ал, Қарасопының өзі кесененің алдында тұрған қарапайым төрт құлақты сағанада жерленген, деп анық жазылған.
11 қазан 2018 ж. 1 281 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области