Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙҚОЖА КЕСЕНЕСІ 

АЙҚОЖА КЕСЕНЕСІ 


Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.
Киелі жерлер немесе рухани қасиетті орындар – халықтың рухани дәстүрінің тірегі. Жалағаш ауданында да  осындай орындар көп. Біз өз өлкеміздегі тарихи-мәдени  жәдігерлерімізді жоғалып кетпеуден жан-жақты қорғауымыз қажет.
       Сыр бойындағы тарихи жәдігерлеріміздің бірі – Айқожа кесенесі.  Жаңадария ауылының оңтүстік-батысында 36 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің оң жақ жағасында орналасқан тарих-мәдени ескерткіш. Ескетркіш он тоғызыншы ғасырда салынған.
       Аңыз бойынша, кесене сол аймақта бала оқытып, бар ғұмырын жергілікті тұрғындардың  діни сауатын ашуға, ислам дінін насихаттауға әрі имандылыққа  тәрбиелеуге жұмсаған діни-ағартушы  Айқожа есімді  қожаның  бейітінің басына тұрғызылған.
Аталған порталды-күмбезді кесене өлшемі 7х16х 34 см. болатын қам кесектерден  қаланған. Жебе тәрізді етіп қаланған қуыстың ішінде орналасқан кесене есігі бар портал (пештак) оңтүстік-батыс жаққа  қаратып салынған. Кесенеге кіреберіс есігін  арка тәрізді ұшбұрышты етіп  жасаған.
Полусфералық пішінді  күмбез  қабырға үстінде орналасқан барабанның  үстінде орналасқан.  Ішінде кесектерден өріліп, сабан сылақпен сыланған  бес қабір бар. Күмбездің дәл төбесінде және солтүстік- батыс жақ  бетінде арнайы жарық түсетін тесіктер қалдырылған. Кесененің ішкі- сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Сылақтың сілемдері казіргі  уақытқа дейін  жақсы сақталған. Қабырғаның  ішкі бетінде бір- біріне қарама- қарсы орналасқан қуыс- тесіктер қалдырылған. Кесененің төрт бұрышында домалақ формалы  бағаналар (гульдаста) тұрғызылған. Бағаналар кесене қабырғаларынан біршама биік етіп салынған.
        Өлшемі –  6,5х 6,2 м., биіктігі – 5,1 м., қабырғасының  қалыңдығы – 0,7 метр.
        Казіргі  уақытта  кесененің  бүкіл порталы мен сол жақ бағанасы қирап, құлап қалған.
        Құлпытас (стела)  – дүниеден өткен адам қабірінің басына қойылатын тас белгі. Құлпытас қою дүние жүзінің барлық халықтарының салтында бар. Оның формасы әр түрлі: көбінесе ұзынша, төрт бұрышты болып келеді, түрлі өрнек салынып, қайтыс болған кісінің аты-жөні, туған, өлген  жылы, айы, күні көрсетіледі.
Құлпытас қою б.з.б. қола дәуірінен бері белгілі. Мәселен, Қарасу мәдениетіне жататын құлпытастардың сыртына адамның суреті, малдың басы салынған. Құлпытас қазақта сұртас деген мағынаны да білдіреді.
Ежелде құлпытасқа адам бейнесін қашап, өлікпен бірге қоятын болған. Бұл дәстүр ғұн заманы, түрік қағандығы, оғыз, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде өнердің дамулы түріне айналды. Осы  дәуірлерден сақталған  құлпытастар әлі де кезігеді.
       ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. ислам дінінің қуат алуынан кейін бейнелі көктастардың орнына өрнекті сұртастар (көктас) қойылатын болды.
Қазақта сұр, көк түстер адам жанының кәусар тазалығын, арулықты сипаттайды. Негізінен көктастар Батыс және Оңтүстік Қазақстанда көктеп кездеседі.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында 50-ге жуық құлпытастар мемлекеттік есепке алынған.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 279 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области