Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ – БІЗДІҢ БОРЫШЫМЫЗ

ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ – БІЗДІҢ БОРЫШЫМЫЗ


Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.
Киелі жерлер немесе рухани қасиетті орындар – халықтың рухани дәстүрінің тірегі. Жалағаш ауданында да осындай орындар көп. Біз өз өлкеміздегі тарихи-мәдени жәдігерлерімізді жоғалып кетпеуден жан-жақты қорғауымыз қажет.
Сыр бойындағы тарихи жәдігерлеріміздің бірі Айқожа кесенесі. Жаңадария ауылының оңтүстік - батысында 36 км. жерде, Жаңадария өзенінің оң жақ жағасында орналасқан тарихи - мәдени ескерткіш.
Аңыз бойынша, кесене сол аймақта бала оқытып, бар ғұмырын жергілікті тұрғындардың діни сауатын ашуға, Ислам дінін насихаттауға әрі имандылыққа тәрбиелеуге жұмсаған діни- ағартушы Айқожа есімді қожаның бейітінің басына тұрғызылған.
Аталған порталды - күмбезді кесене өлшемі 7х16х 34 см. болатын қам кесектерден қаланған. Жебе тәрізді етіп қаланған қуыстың ішінде орналасқан кесене есігі бар портал ( пештак) оңтүстік- батыс жаққа қаратып салынған. Кесенеге кіреберіс есігін арка тәрізді ұшбұрышты етіп жасаған. Полусфералық пішінді күмбез қабырға үстінде орналасқан барабанның үстінде орналасқан. Ішінде кесектерден өріліп, сабан сылақпен сыланған бес қабір бар. Күмбездің дәл төбесінде және солтүстік- батыс жақ бетінде арнайы жарық түсетін тесіктер қалдырылған. Кесененің ішкі- сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Сылақтың сілемдері казіргі уақытқа дейін жақсы сақталған. Қабырғаның ішкі бетінде бір- біріне қарама- қарсы орналасқан қуыс- тесіктер қалдырылған. Кесененің төрт бұрышында домалақ формалы бағаналар (гульдаста) тұрғызылған. Бағаналар кесене қабырғаларынан біршама биік етіп салынған.
Өлшемі: 6,5х 6,2 м., биіктігі - 5,1 м., қабырғасының қалыңдығы - 0,7 метр.
Казіргі уақытта кесененің бүкіл порталы мен сол жақ бағанасы қирап, құлап қалған.
Кұлпытас ( стела ) өлген адам қабірінің басына қойылатын тас белгі. Құлпытас қою дүние жүзінің барлық халықтарының салтында бар. Оның формасы әр түрлі: көбінесе ұзынша, төрт бұрышты болып келеді, түрлі өрнек салынып, қайтыс болған кісінің аты-жөні, туған, өлген жылы, айы, күні көрсетіледі. Құлпытас қою б.з.б. қола дәуірінен бері белгілі. Қарасу мәдениетіне жататын құлпытастардың сыртына адамның суреті, малдың басы салынған. Құлпытас қазақта сұртас деген мағынаны да білдіреді. Ежелде құлпытасқа адам бейнесін қашап өлікпен бірге қоятын болған. Бұл дәстүр ғұн заманы, түрік қағандығы, оғыз, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде өнердің дамулы түріне айналды. Осы дәуірлерден сақталған құлпытастар әлі де кезігеді.
ХҮ- ХҮІ ғ.ғ. ислам дінінің қуат алуынан кейін бейнелі көктастардың орнына өрнекті сұртастар (көктас) қойылатын болды. Қазақта сұр, көк түстер адам жанының кәусар тазалығын, арулықты сипаттайды. Негізінен көктастар Батыс және Оңтүстік Қазақстанда көктеп кездеседі. Қызылорда облысында казіргі уақытта 50-ге жуық құлпытастар мемлекеттік есепке алынған.

Мысық кесенесі
Мысық би ХІХ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Шын аты- Есенжол. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Мысық би 1804 жылы туып, 1884 жылы 80 жасында Жаңадария бойында қайтыс болған. Ол кісінің кіндік қаны тамған ата мекені казіргі Бұқарбай батыр ауылының аймағы. Мысық би елі мен жерін қолына қару алып, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, көкірегін оққа тосып, шешендік әділ сөзімен елдің бірлігі мен тыныштығын қорғауға атсалысқан тарихи тұлғалардың бірі. Ол кісіні елі мен жұрты хас батырлығы мен шешендігі үшін ғана емес, қара қылды қақ жарар турашылдығы мен әділдігі, ақыл- ойы мен парасат пайымы үшін ерекше құрмет тұтқан.
Бір жылдары Мысық би Арқа жақта Кіші жүз бен Орта жүз арасында болған бір үлкен дауды әділдікпен шешіп, содан сөзден жеңілмейтін, әрқашан да екі жауырынымен түспей, төрт аяғымен жерге топ ете түсетін мысық секілді деген теңеу атқа ие болып, «Мысық би» атанады.
Казіргі Таң ауылының батысында, Жаңаталап ауылының оңтүстігінде «Мысық би көлі», «Мысық арығы», « Мысықтың үйтамы» деген көлемді жер атаулары бар.
Мысық би бір замандарда осы кездегі Шәменов ауылының төңірегіндегі Қараиірім өзегінен саға алып, арық қаздырып аяғын Қаракеткен, Далдабай ауылына, Белқұм арқылы жеткізіп, екі бетіне егін ектіріп, халыққа күн көріс қамын жасатқан. Ел аузында Мысық би айтқан деген сөздер бар: «Ерегіссең ел болмайсың. Сөз сыйласаң кем болмайсың. Біріңді-бірің жамандап тілге салсаң, оңбайсың. Еліңді бүлдірсең, етегің ашылады, қолыңдағынның бәрі шашылады, дұшпаның қасыңнан табылады, сөйтіп өзіңе жабысады.» т.т.
Мысық кесенесі Аққыр а/о қарасты Шәргелтай бөлімшесінің оңтүстігінде 17 км. жерде орналасқан. Кесене өлшемі 28х18х10 см. болатын қам кесектерден қаланған бір камералы, порталды- күмбезді құрылыс. Кесененің ішкі- сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Жалпы формасы квадратты, 6 х 6 метр болып келген. Жалпы биіктігі – 6,90 метр. Кесене цилиндр тәрізді барабанның үстінде орналасқан конус пішінді күмбезбен жабылған. Барабан қалыңдығы 1 метр болатын қабырғаның үстіне орналасқан. Төрт бұрышына домалақ пішінді төрт бағана (гульдаста) тұрғызылған. Жебе тәрізді үшбұрышты етіп қаланған кесене есігі оңтүстік - батыс жаққа қаратып салынған. Ішінде жартылай қираған қабір жатыр.
Құрылыс көлемі, шамамен 320 куб.м.
Казіргі уақытта кесененің екі бағанасы мүжіліп, қирап қалған. Сыртқы қабырғалары әр жерден шатынап жарылған.

Елемес кесенесі

Руы Бәйбіше – Сарқасқа Елемес би Жаңадария өзенінің бойында, шамамен 1798 жылы туып, осы жерде 1872 жылы қайтыс болған. Орынбор шекаралық комиссиясының құжаттарында Елемес бидің аты аталып, оңың таңбасын ( мөрі) басқан құжаттар кездеседі.
Ол кісі шешендік өнерімен қатар қоса батыр да болған. Бірде Жаңадария бойындағы Қожанияз бек пен Бабажан сарттың жасауылдарымен болған бір ұрыста бір өзі бұзау тіс қамшымен 6 хиуалықты аттан ұрып жыққан екен.
Елемес би ел ішіндегі тентектерді тезге салып, көрші елдермен бейбіт саясат жүргізген. Жаңадарияның арғы бетіндегі қарақалпақтарды ығыстырып, босаған жерлерге егін ектірткен. «Елемес түбегі», «Елемес құдығы», «Елемес қырғыны» деген жерлер Қарақұм мен Қызылқұмда әлі де кездеседі. Ол кісінің 5 әйелінен туған 30 ұлдан тараған ұрпақтары казіргі Астана, Арқалық, Қызылорда қалалары мен аудан көлеміндегі Жаңадария, Ақарық ауылдарында тұрып жатыр. ( шамамен 100 шаңырақтан астам).
Қара шаңырақ иесі – Аламесек ауылының тұрғыны 92 жастағы Олжабай Әйтімов.
Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, Елемес қайтыс болған кезде қыстың суық, ызғарлы болып, қара жердің тоң болып қатқандығы сондай, адамдар ол кісінің көрін 7 күн бойы қазып, Елеместі тек 8-і күні ғана жерлеген.
Елемес кесенесі Жаңадария ауылының оңтүстік - батысында 14 км. жерде « Боран құмы» деп аталатын жерде қам кесектерден 1873 жылы қаланған порталды- күмбезді құрылыс.
Аңыз бойынша, бұл кесене Елеместің балалары Баубек, Кетеғұл, Боран, Төтеғұл, Өтеғұл, Күзербай, Қосбармақтың ұйымдастыруымен салынған.
Кесененің ішкі-сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Кесененің ішкі бетіндегі сылақтың кейбір жерлерінде суреттер мен ою- өрнектердің ізі айқын аңғарылады.
Жалпы формасы квадратты 8х 7,4 метр болып келген. Жалпы биіктігі – 6,90 м., қабырғасының қалыңдығы - 70 см. Ішінде бес қабір ( 3 үлкен, 2 кішкентай) орналасқан. Төрт бұрышына диаметрі 80 см. болатын төрт бағана (гульдаста) тұрғызылған. Жебе тәрізді етіп қаланған қуыстың ішінде орналасқан кесене есігі бар портал ( пештак) оңтүстік- шығыс жаққа қаратып салынған.
Құрылыс көлемі шамамен- 400 куб. м.
Казіргі уақытта кесененің қас беті, күмбезі мен қабырғалары жел- құздың әсерінен шатынап, жарылған. Іргелері жаңбырдың суынан мүжілген.

«Kyzylorda-news»
22 маусым 2018 ж. 5 729 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области