Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОРАСАН АТАНЫҢ ҚАСИЕТІ

ҚОРАСАН АТАНЫҢ ҚАСИЕТІ


Бар өмірі мен өнегелі тірлігі алты Алашқа мәлім, сонау Арабиядан Орта Азия, түркі, қазақ жерлеріне, соның ішінде Сыр бойына ислам діні мен мәдениетін алғаш әкелгендердің бірі – халықты имандылық парасатына тәрбиелеген Әбдіжалил баб еді. Халық аузындағы әңгімелерде ол Қорасан ата деп аталады.
ІХ ғасырда Иран мен Тұран бағытында қазіргі Орта Азия мен Қазақстанға ислам дінін тарату мақсатында Әбдірахим баб, Ысқақ баб және Әбдіжалил баб бастаған топ жіберіледі. Бұл уақытта Ысқақ баб пен Әбдіжалил бабтың әкесі Әбдірахман баб Шам шаһарының патшасы болған. Ол қайтыс болған соң орнына үлкен ұлы Ысқақ баб таққа отырып, патшалық құрды. Ал Әбдірахманның інісі Әбдірахим баб Бағдаттың (қазіргі Ирак), Әбдіжалил баб Иеменнің патшасы болатын.
Әбдіжалил баб ондаған мың қолмен Исфахан, Тебрих, Мазандеран, Балх шаһарларын басып алып, Иранның Хорасан қамалын қоршайды. Үш күн, үш түн шабуылмен бұрын ешкім ала алмай жүрген 32 қақпалы Қорасан қамалын Әбдіжалил баб басып алады.
Әбдіжалил баб иемденген жеріндегі халықты ислам дініне кіргізіп, мешіт-медреселер салдырып, арабша сауатын ашып, мәдениетінің өсуіне де ықпал еткен. Қорасан өлкесінде де осындай игілікті тірлік жасаған. Осылайша Қорасан ата атанады. Ол ірі қолбасшы әрі жолбарыс жүректі батыр болған.
Қорасаннан қалың қолмен аттанған Әбдіжалил баб Сырдарияның сол жағалауындағы Қызылқұм өңіріндегі «Тотықұс» аралына (қазіргі Жаңақорған ауданының аумағында) келіп табан тірейді. Осы жерді тұрақты мекен етеді. Мешіт-медресе салдырып, бала оқытады, емшілік істермен де айналысады.
Ислам діні мен мәдениетін Орта Азия мен Сыр бойында уағыздаудың көш басында тұрған Қорасан атаның қадір-қасиеті уақыт өткен сайын биіктеп келеді. Оның ұлылығына бас иген Қорасан атаның (Әбдіжалил бабтың) туған ағасы Ысқақ бабтың жетінші ұрпағы Қожа Ахмет Иассауи 63 жасқа келіп, қылуетке (жер асты мекені) түскенге дейін әр жылы Ораза, Құрбан айт намаздарында осы Қорасан ата басына келіп Құран бағыштап, Меккедегі Қағбатілләның осындағы көшірмесіне жүзін беріп намаз оқып қайтады екен.
Аңыз әңгімелерге сүйенсек, бамдат намазын оқып тұрғанда Қорасан атаның тұла бойы қорғасындай еріп тұратын болған екен. Ислам дінін уағыздаумен қатар жүйке, қояншық, шешек ауруларын емдеп жазатын болыпты. Қорасан ата өзі өлсе де рухы өлмей мазар басына түнеп, перзент сұраған ерлі-зайыптыларға ұл сұраса ұл, қыз сұраса қыз берген. Бұл жөнінде қазақ халқының эпостық жырларының бірі – Қобыланды батыр жырында Қорасан атаның киесі туралы айтылады.
Тағы бір деректерге көз салсақ, сол заманда бауыры Ысқақ бабпен бірге 150 мың әскермен дін жолындағы жорыққа аттанады. Шам қаласынан Бағдатқа, Исфаханға, одан Мазандеран, Серахс, Балх, Бұхара, Шахрисябзь, Самарқан, Өзгент және Ош шаһарларына ислам дінін орнатады. Ферғанаға жеткен кезде үш бағытқа бөлінеді: бірі – Қашқар мен Жаркентке, екіншісі – Сырдарияның сол жағасымен Жетікентке және Отырарға, ал үшіншісі Сырдарияның оң жағасымен Шаш (Ташкент) және Исфиджап (Сайрам) шаһарларына қарай аттанады.
Әбдіжалил баб Ходжендті (Сырдың Өзгенті немесе Қыр Өзгент) қоршау кезінде қаза болады. Мұны естіген бауыры Ысқақ баб әскерімен келеді де Ходжентті алып, Өтеміс ханды өлтіреді. Тұрғындарына мұсылмандықты қабылдатады. Аңыз бойынша оның лақап аты Қорасан екен. Қорасан аталуына себеп болған жәйт: шешек шыққан жанның үстінен аттаса, науқас көп ұзамай сауығып кететін көрінеді. Қорасан ата (Әбдіжалил баб) мен оның ұлы Хұсайын баба (Хұсайын Ғази) зираттары қазіргі Жаңақорған ауданының жерінде орналасқан.
Қорасан атаның қасиетіне тәнті болған халық кесенесіне зиярат жасап, құран бағыштап, Алладан тілек тілейді.
12 қазан 2018 ж. 1 784 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области