Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жанкент шаһары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілмек

Жанкент шаһары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілмек

Бүгін Қазалы ауданының әкімдігінде Қызылорда облысы бойынша тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары кеңес отырысы өткізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 


Кеңес отырысын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, ауданға келген қонақтарды таныстырды. Одан әрі қарай кеңесті Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Абуова Мира және «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Көзейбаев Сапар қатысты.
Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов хабарлама жасады.
«Қазіргі таңда, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және 40 алдын-ала есепке алынған, барлығы 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 93-і қала құрылысы және сәулет нысандары болса, 6-ы археологиялық ескерткіш. Үстіміздегі жылдың жаз, күз мезгілдерінде аудан әкімінің қолдауымен тарихи-мәдени ескерткіштерді толығырақ зерттеу үшін экспедиция жүргізу жоспарға енгізілген. Ескерткіш тарихы жайлы мәліметтерді баяндаған ел ақсақалдарымен сұхбат ұйымдастырып, жергілікті деңгейде бейнебаян түсіруді 2019-2020 жылдарға қолға алмақпыз. Бұл фильмдер біздің келешекке деген үлкен сыйымыз болмақ», - дейді аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлы өзі сөзінде.
Кеңес барысында облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Тілеп сөз сөйлеп, Қазалы ауданындағы тарихи ескерткіштердің жай-күйі туралы өзінің пікірін білдірді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарына тиісті мамандардан жауап алды.
Жиын барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Рахымжанқызы Өркендеу елдімекеніндегі Жанкент шаһары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынатын мәдени мұралар тізіміне халықаралық аталым бойынша енгізілетінін қуанышпен жеткізді.

03 сәуір 2019 ж. 700 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области