БОЙЖЕТКЕН КӨЛІКТІ ШАШЫМЕН СҮЙРЕДІ
Уoutube желісінде 16 жастағы бойжеткеннің машинаны шашымен сүйреген сәті түсірілген видео пайда болды. Алып күш иесі Карина Саргсян есімді армян қызы болып шықты. Оқиға 25 желтоқсанда Ереванда түсіріліпті.
Автокөлікті шашына байлайтын арнайы бекітпені қыздың әкесі жасап беріпті. Әкесінің өзі алып күш иесі көрінеді.
Карина бокспен шұғылданады және осы спорт түрінен әлем чемпионы болуды армандайды екен.