ЧЕМПИОНДАР ӨТКІЗГЕН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тоғызқұмалақтан 7 дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы - Əсел Дəлиева мен 3 дүркін әлем чемпионы Хəкімжан Елеусінов облыстағы тоғызқұмалақ клубында ойыншыларға шеберлік сабағын өткізіп, тəжірибелерімен бөлісті.
Əлем чемпиондарымен ойнаған 11жасар Рыскелді Кенжебекке "Үздік ойын көрсеткені үшін" жəне 9 жасар Дания Жəдігерге "Ең жас ойыншы" номинациясы, табысталып, жас спортшыларға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов марапат тапсырды.
Тоғызқұмалақтан әлемді мойындатқан Əсел Дәлиева осы клубтың түлегі. Рухани жаңғыру аясындағы шара шеңберінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында Əсел мен Хəкімжанның қатысуымен бір уақытта 80 ойыншымен шеберлік сабағы ұйымдастырылды.