СПОРТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қармақшы ауданында 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен аудандық турнир өтті. Жарысқа 70-ге жуық жас спортшы қатысып, 11 салмақ бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды.
Турнир соңында қазақ күресінен 2 дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Әбдірахманов жас спортшыларға өзінің жеткен жетістіктері жайлы айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Спортты серік еткен жастың болашағы жарқын болатынын жеткізді.