Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Катардағы ана мен бала орталығында науқастарды музыкамен емдейді

Катардағы ана мен бала орталығында науқастарды музыкамен емдейді


Катарда құны 8 млрд долларды құрайтын Sidra Medicine ана мен бала ғылыми-зерттеу медицина орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Sidra Medicine жаңа медициналық орталығын Катар білім беру, ғылым және қоғамдық даму қорының төрағасы Шейха Моза бинт Нассер ашты.
Шейха Моза Дохада Education City ғылыми технопаркі мен университет қалашығының негізін қалаған. Оның пікірінше, Sidra Medicine - медицина саласындағы ерекше жаңалық және Катар Мемлекетінің инновациялық денсаулық сақтау саласын қамтамасыз етудегі кезекті жетістік.
Осындай бірегей академиялық медицина мекемесінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да 100 елден келген 4 мың жұмысшымен қоса, музыканттар да бар. Себебі, ғалымдардың пікірінше, музыка тиімді көмекті терапия саналады.
Кешенді танымал аргентиналық сәулетші Сезар Пелли салған. Ол Куала-Лумпурдағы Петронас мұнараларының және Нью-Йорктегі Дүниежүзілік қаржы орталығының авторы.
«Sidra Medicine - білім, жаңалықтар және денсаулықтың жаңа шамшырағы. Шейха Мозаның басшылығының арқасындамол табыстарға қол жеткіздік. Мұнда білікті дәрігерлер мен жаһандық деңгейдегі беделді ғалымдар бірлесіп жұмыс істейді», - деп атап өтті Sidra Medicine бас директоры Питер Моррис.

Қазақстандық дәрігерлер Sidra Medicine орталығындағы балалар кардиологы, невролог, уролог, хирург және басқа да мамандармен байланыс орнатты.



27 қараша 2018 ж. 12 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области