Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токиода робот даяшылар қызмет көрсететін дәмхана ашылды

Токиода робот даяшылар қызмет көрсететін дәмхана ашылды

Токиода ерекше даяшылар жұмыс істейтін дәмхана ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Пилоттық режимде іске қосылған DAWN ver.ß дәмханасына келушілерге биіктігі бір метрден сәл ғана асатын 5 робот қызмет етіп жүр. Роботтар тапсырыс қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады.
Бір қызығы, даяшы роботтарды үйлерінде отырған дәмхана қызметкерлері – мүмкіндігі шектеулі жандар басқарып отыр. Олар дәмханада не болып жатқанын интернет арқылы аудио және видео көмегімен көріп, даяшыларды үйлерінен планшет немесе компьютер арқылы басқарады.
Дәмхана осындай режимде тек биылғы жылдың 7 желтоқсанына дейін ғана жұмыс істейді. Оның тұрақты нұсқасы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қарсаңында іске қосылмақ.
Дәмхана жобасының авторлары осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек жұмыс орнын ұйымдастыруға көмек бере аламыз деп үміттеніп отыр.

28 қараша 2018 ж. 12 706 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области