Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


    Облыс орталығындағы Жібек жолы даңғылының бойынан «Керемет» сауықтыру орталығы ашылды.
    Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жоба жетекшісіне алғысын білдіріп, жаңа бастамаларына табыс тіледі.
     Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жапбарбергенов» ЖК жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны 360 млн. теңге, оның 140 млн. теңгесі «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие берілген. Бұл мемлекеттің кәсікерлікті қолдау мақсатында қолға алған игілікті бастамаларының нақты дәлелі.
    Сауықтыру кешінің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды және 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Үш қабатты ғимаратта бассейн, фитнес залы, дәмхана, шаштараз, SPA және басқа да қосымша қызмет көрсету нысандары бар. Заманауи талаптарға сай келетін, сәулеті келіскен ғимарат бір сағатта 120 адамға қызмет көрсете алады.
    Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан, әлемдік стандартқа сай келетін бұл кешен  22 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.


04 желтоқсан 2017 ж. 1 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области