БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЭКОНОМИКА ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілеттілікті дамыту, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын ресмилендіру және есепке алудың жүйелік шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдай, өңірлер және азық-түлік, сусын және жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту жөніндегі сарапшылардың ұсыныстары мен талдаулары қаралды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды ресмилендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Жоба бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін заңдастыру мақсатында Бірыңғай төлем жүйесін енгізуді қарастырады.
Кеңесте «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж.Ахметов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж.Күлекеев, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү.Шаяхметова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А.Боранбаев, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О.Жандосов, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М.Махмұтова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова және т.б. сөз сөйледі.