Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛІК ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ АЯСЫНДА НҚА ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІН ЖЕДЕЛДЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

КӘСІПКЕРЛІК ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ АЯСЫНДА НҚА ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІН ЖЕДЕЛДЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Биыл 24 мамырда Мемлекет басшысы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуге, сондай-ақ әкімшілік кедергілер мен бизнес шығындарын қысқартуға бағытталған Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заңға жария түрде қол қойды.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Дәленов жалпы Заңды іске асыру үшін 146 заңға тәуелді актіні қабылдау қажеттігін айтты. Оның ішінде «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позицияларын жақсарту мақсатында 24 НҚА қабылдау үлкен маңызға ие.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, заңға тәуелді барлық актілер әзірленіп, олардың көбісі қазіргі кезде мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында тұр.
Заңды кеңінен түсіндіру мақсатында 8 маусымнан бастап Павлодар, Көкшетау, Алматы, Ақтөбе қалаларында жақын жердегі өңірлерді тарта отырып, кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Аталмыш жұмысқа жергілікті атқарушы органдардың, ҚР ҰКП-ның және оның өңірлік палаталарының өкілдері, бизнес-қауымдастықтар, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.
«Осы жылдың шілде айында реттеушілік ықпалды талдау институтын өңірлік деңгейге дейін кеңейтуге байланысты, жергілікті атқарушы органдар үшін бірқатар көшпелі семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Бұл семинарларда жергілікті органдар енгізілетін реттеудің шығыны мен пайдасын талдау және бағалау тәртібін оқытудан өтеді», — деп түйіндеді Р.Дәленов.
Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, өз кезегінде, ИДМ қызметінің жаңа бағытын — аэронавигация және әуежай бойынша табиғи монополиялар саласын құқықтық реттеу мақсатында — тұтынушыларға қызмет көрсету стандарттары; инвестициялық бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру және бағалау әдістемесі; көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер бойынша уақытша төмендету коэффицентінің деңгейін есептеу әдістемесі; көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың тарифтерін немесе олардың шекті деңгейлерін кемітпей есептеу әдістмесі; азаматтық авиация саласындағы тарифтік саясат жөніндегі сараптамалық кеңес бөлігінде нормативтік-құқықтық актілер әзірленгенін мәлімдеді.
Құрылыс саласында құрылыс жобаларына «бір терезе» қағидаты бойынша порталды және ақпараттық жүйелерді енгізу тәртібін айқындайтын ережелерді қабылдау ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мен ұйымдастыруды жетілдіруді көздейді.
«ҰЭМ бірлескен 10 бұйрық тәуекелділік дәрежесін бағалау критерийлерін және құрылыс, өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, геология мен көлік салаларында тексеру талаптарын азайту үшін түзетуге жіберілді. Оларды қабылдау қараша айына белгіленіп отыр», — деп нақтылады Ж.Қасымбек.
Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың айтуынша, мұнай-газ, электр энергетикасы мен атом өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласы туралы заңның қосымша актілерін тәуекелдерді бағалау өлшем шартына үйлестіру үшін жеті биыл қарашада НҚА қабылданады. Бұдан өзге, 2018 жылдың маусымынан бастап, мұнай-газ саласының лицензияланған қызмет түрлері тізімінен мұнай-химия өндірістерін жобалау алынып тасталады. НҚА тиісті жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілген
«Қоршаған ортаны қорғау саласында екі мемлектетік қызметті біріктіру арқылы қоршаған ортаға эмиссия беру рұқсатымен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру енді «бір терезе» шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 150 жұмыс күнінен 45 жұмыс күніне дейін қысқарады. ОН жұмыс күні ішінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезіндегі ескертулерді жоюы үшін «Е-лицензиялау» және «Кешенді емес ведомстволық сараптамалық бірыңғай ақпараттық жүйесі» мемлекеттік деректер базасының порталы арқылы табиғат пайдаланушыларымен ашық диалог жүргізіледі», — деді энергетика министрі.
Сонымен қатар Заңда Экологиялық кодекске түзетулер енгізілген, оған сәйкес өкілетті орган апелляциялық комиссия құрып, регламенті, ережесі мен құрамын бекітеді. Апелляциялық комиссия қабылдаған шешім ұсынымдық сипатта болады.
Әділет министрі М.Бекетаевтың айтуынша, бұл заң жылжымайтын мүлікті тіркеу функцияларын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына береді. Аталған функцияны берумен қатар, Мемлекеттің корпорацияның сенімді басқаруына «Жылжымайтын мүлік регистрі» ГБД беріледі. Бақылау және құқықтық қамтамасыз ету функциялары әділет органдарының қарауында қалады.
Бұдан өзге, атқарушылық өндіріс процедураларын оңтайландыратын түзетулер енгізілген. Интеллектуалды меншік мәселесінде кәсіпкерлік субъектілерін бақылауынан алынып тасталды: авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер нысандарын, интегралды микросхемалар топологиясын пайдалану.
Тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін, тауардың шығу орнының атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды және ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылау Әділет министрлігінің қарауында қалды.
«Әділет министрлігі заңға тәуелді НҚА тиісті түзетілер әзірледі. Олар тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілді», — деді М.Бекетаев.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев баяндады. Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы Заң аясында АӨК салаларын қамтитын 3 кодекс пен 10 заңға өзгертулер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге байланысты АӨК саласындағы 16 заңға тәуелді актіні бекіту қажет. Қазіргі кезде аталған заңға тәуелді актілерді Министрлік әзірлеп жатыр, оны а.ж. қараша айында бекіту көзделіп отыр.
Отырыс барысында сонымен қатар «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов сөз сөйледі.
Мәселелерді қарастыру қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірлерде қабылданған Заңға зор қолдау білдіріп отырғанын айтты. Кәсіпкерлер қажетті нормативтік-құқықтық актілерді жылдам қабылдануын асыға күтіп отыр.
Осыған байланысты министрліктерге қажетті НҚА қабылдауды жеделдету жә»не олардың жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл орайда, Б.Сағынтаевтың өңірлерге сапары барысында білдірілген «Атамекен» ҰКП және кәсіпкерлердің барлық ескертпелерін ескеру қажет.
Бақылау Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаевқа жүктелді.
26 маусым 2018 ж. 637 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области