Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ ҚРЗ Заңымен «Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және олар заңды күшіне 2018 жылдың 8 маусымынан енді.
Аталған Заңмен «Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-1-бабына өзгерістер енгізілген, және осы өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Заң жаңа 12-2-баппен толықтырылды және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ, анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау түрінде жүзеге асырылады. Егер де респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі.
Қорытынды респондентке қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған электрондық мекен-жай бойынша мәтіндік хабармен не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
Респондентке арналған қорытынды респонденттің тіркелген жеріне жіберіледі.
Осы бапта қорытынды тиісті түрде жеткізілді деп танылу жағдайлары белгіленген.
Респонденттің қорытындыны қабылдаудан бас тартуы одан әрі процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Осы ретте, респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығын береді.
Сонымен, осы жаңа енгізілім бақылаудың профилактикалық-ескерту сипаттағы нормасы болып табылады және респондентке алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік және уақыт береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің Статистика комитеті
Қызылорда облысының Статистика департаменті
12 маусым 2018 ж. 899 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области