Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Назарбаев КИМЭП университетінің басшысымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев КИМЭП университетінің басшысымен кездесті


Мемлекет басшысы «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа КИМЭП университетінің қазіргі жұмысы және осы оқу орнын дамыту жоспарының іске асырылуы жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті қазіргі заман экономикасының талаптарына сай білікті мамандар дайындау ісіндегі университет жұмысының тиімділігін атап өтті.
- Университет 1992 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде 12 мыңға жуық студент оқуын бітіріп шықты. Бүгінде мұнда әлемнің әртүрлі елдерінен келген оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етеді. 29 білім бағдарламасы бойынша 2109 студент ақылы негізде оқып жатыр, - деді Елбасы.
Ч.Бэнг университет түлектерінің 93 пайызы оқу бітірген соң 6 айдың ішінде жұмысқа орналасатынын айтты.
Сонымен қатар, «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті биыл оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің тұжырымы бойынша ғылым және білім саласын дамыту ісінде үздік деп танылғанын атап өтті.


23 қараша 2018 ж. 672 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области