Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жолдау – көптеген мәселелерді шешудің жолын ұсынған құжат

Жолдау – көптеген мәселелерді шешудің жолын ұсынған құжат


Адам өміріне араша түсіп, шықпас жанға себепші болатын ақ халатты абзал жандарға артылар сенім мен жүктелер жауапкершілік жоғары. Еліміз бойынша денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер де осы сала мамандарының қажырлы еңбегі арқасында жақсарып келеді. Әсіресе ана мен баланың өмірін сақтап қалудағы кешенді шаралар жылдан жылға жүйелі түрде қолға алынуда. Десе де дамыған елдердегідей 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізу мүмкін еместігі белгілі. Ол үшін бұл салаға деген қолдаудың қаржылық және материалдық базалық көрсеткіші жыл санап еселенуі тиіс.
Бұл жөнінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бүгінгі Жолдауында да кеңінен қамтылды. Нақтысы еліміз бойынша денсаулық сақтау саласын дамытуға үш жылдық бюджет аясында 2,3 трлн. теңге жұмсалатыны айтылды.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын еске салды. Бұл ретте әрбір азаматқа мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтап қалатынын айтып, оны қаржыландыруға алдағы үш жылда 2,8 трлн теңге бөлінетінін жеткізді.
Демек, алдағы үш жылда еліміздегі жоғарғы атқарушы билік пен үкімет аталған жүйені іске асыруға баса маңыз беретін болады. Бұл Жолдау осылайша бізді қанаттандырып, адам өмірі үшін маңызды саналатын саланың кемшіліктерін жоюға басымдық бергелі отыр. Біз ол үшін қуаныштымыз.
«Ендігәрі қателік жіберуге қақымыз жоқ» деген Мемлекет басшысының жігерлі сөзі бізді әрқашан қанаттандыратын болады. Салаға деген демеу жыл сайын артатын болса еліміз бойынша медицианылық көмектің сапасы да жақсара түсетін болады. Біз сол жолда аянбай еңбек ете беретін боламыз.

Ақмарал ҮМБЕТОВА,
Арал ауданаралық ауруханасының дәрігері
03 қыркүйек 2019 ж. 489 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области