Ел мүддесі – мемлекет мүддесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы қоғамның ең өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеруімен ерекшеленді. Басты тірек салалардың даму жолдары айқын аталды. Алдағы міндеттер нақты белгіленді.
Әрине, әлеуметтің әлеуетін көтеру үшін экономикалық өсіммен бірге, әр азаматтың жанашырлығы да қажет екендігі белгілі. Менде ауылдан шықтым, оқыдым, елге қызмет жасап жатырмын. Мамандығым – дәрігер. 30 жылға жуық осы саланың қатардағы жауынгерімін. Қазір денсаулық сақтау саласында ұйымдастырушы, басшы қызметінде абыройлы еңбек етудемін. Қоғамдық мәселелерге де бей-жай қарай алмай облыстық маслихаттың депутаты ретінде халық игілігі үшін қызмет етеміз.
Жолдауда "азаматтарымыздың барлық сұрақтарын тыңдай білетін және оған тиімді бағытта жауап бере алатын үйлесімді үкіметтің болуы, ол - қоғаммен ашық пікірдің орнауына септігін тигізетіндігі сөзсіз" деп көрсетілген. Ендеше, дәрігер ретінде де, депутаттық міндетімде де халықтың пікірін тыңдау парызым болып саналмақ. Бұл Президент бізге тапсырма етіп жүктеген ашықтық қағидатымен үндеседі.
Жаңақорған ауданы, Түгіскен сайлау округі атынан облыстық маслихаттың депутаты болып сайланғандықтан халықпен жиі кездесемін. Олардың пікірлері, ұсыныстары, әлеуметтік тұрмыстарын жақсартуға деген жоспарларын тыңдап, іске асырылу тетіктерін қарастырамыз. Қажетті ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, тиісті шешімдер қабылдау да маңызды.
Ауданда атқарылған істер аз емес. Биылғы жылы Жаңақорған ауданында да халық игілігі үшін іргелі істер атқарылды. Елді мекендер арасында 47 км қашықтықта жол жөнделсе, 6 елді мекенде медициналық нысандар жаңа ғимаратқа көшірілді.
Сайлаушыларыммен кездескен сайын, ең бірінші паразым - олардың қаншалықты медициналық көмек алып жатқандығына мән беремін. Жолдауда ең бастысы ана мен бала өмірін азайту,медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мән берді. Аталған көрсеткіш еліміздің даму қарқынына тікелей әсер етеді.
Қазіргі уақытта диагноз қоюда заманауи технологиялардың ауруханаларда орнатылуы тиіс. Осы мақсатта Жаңақорған аудандық ауруханасына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында компьютерлі томография алу жоспары бар.
Халық алдындағы міндетіміз айқын. Депутат ретінде мемлекеттік саясаттың орындалуына жете мән беріп, медицина саласының дамуына қажет жұмыстың орындалуына мүдделік танытып, елдің өсіп-өркендеуіне күш сала бермекпіз.
Нуриддин ӘМИТОВ,
Қызылорда облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері.