Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қуаныш Сұлтанов: Қоғамның есі дұрыс емес

Қуаныш Сұлтанов: Қоғамның есі дұрыс емес

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қолдайтынын жеткізіп, ұрлық мәселесіне тоқталды.
«Қоғамның денсаулығы дұрыс еместей көрінеді. Есі дұрыс адам нәрестеге зорлық жасай ма, есі дұрыс адам осы қоғамда қалай мектептің ауласына кіріп кетеді? Осы жағдайлардан біздің салғырттығымыз, қоғамның салғырттығы көрінеді. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының құқықтарын күшейтіп, оларға мүмкіндіктер беріп отырмыз. Екінші жағынан құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейту керек», - деп айтты депутат.
Сұлтанов ұрлық қылмыстарының ашылмауына құқық қорғау органдарының да әсері барын айта кетті.
Қоғамның дені сау болмаған соң ұрлық жасайды. Неге балаларымыз ұрлыққа бейімделеді? Содан барып үйір-үйір жылқы ұрлауға дейін өседі. Мұны құқық қорғау органдарының басшылары өздері айтып отыр, біледі. Наркотұрақ қайда екенін біледі, малды ұрлап оны Қостанайдан Қырғызстанға, Қырғызстан Қостанайға айдайтын жолдардың бәрін біледі. Неге жабылмайды осының бәрі? Осыған деген көзқарасты өзгертіп, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Жалпы сауатты және өркениет талаптарына сай заңдарымыз бар, бірақ орындауға келген кезде тыпырлаймыз да қаламыз. Соңында Парламент кінәлі болып шығады, - деді ол.
Парламент Мәжілісінің депутаты ұрлық мәселесіне жалпы қоғам жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтты.
«Бүкіл қоғам осыған қарсы өре түре келмесек ұрлықты тоқтата алмаймыз. Мал ұрлады ма, үйрек ұрлады ма, қазы ұрлады ма, ұрлық деген өте жаман мінездеме. Қоғамның ауруы, дерті деген сөз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері "заңның мынадай бабы бар, осыдан сақ болыңдар" деп теледидардан күнде сөйлесін. "Ұрлыққа бармаңдар, 20 жыл тұтқында отырасыңдар" деп алдын ала ескертейік. Қоғамның құлағына кіргізу мәселелерін қолға алуымыз керек», - деді депутат.
Сұлтанов бұрындары кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссиялар болғанын, осы жұмыстарды да қайта жаңарту қажет екенін айтты.
21 қараша 2019 ж. 579 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области