АРНАЙЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде құқық қорғау органдары баспасөз қызметі қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг "Баспасөз-қызметі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыстың тиімді әдістері" тақырыбында өрбіді.
Мақсаты – қоғам мен БАҚ және ішкі істер органдары мен азаматтық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайту, баспасөз қызметі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру болды.
Аталған іс-шараны Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Отарбаев Ғанибек ашты.
Сондай-ақ семинарға Өңірлік коммуникациялық қызметінің маманы Азамат Қабақов, "Qyzylorda" телеарнасының редакторы Альбина Талғатқызы, "Әлімсақ" журналының бас редакторы Нұрлан Нұрмаханов, ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Гүлжаһан Кайырбергенова, Қызылорда облысының ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова шақырылды. Мұнда "Баспасөз қызметінің қызметкерінің жауаптылығы", "Дәйекті ақпарат тарату ережелері" тақырыбында дәрістер оқылды.
Айта кетейік, аталған семинар-тренигке құқық қорғау органдарының 10-нан астам баспасөз қызметкері қатысты.
Қызылорда облысы ТЖД