Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ


    Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
    Оған ҚАЖД сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитар-дәрігері, әділет лейтенанты С.Мырзаханова, ЗК-169/1 мекемесінен Б.Әбдірашитұлы, Г.Шегебай,  ЗК-169/4 мекемесінен И.Жаңбыршиева қатысты.
    Байқау шарты бойынша үміткерлер бірінші кезеңде Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінділер оқыды. ЗК-169/4 мекемесінің қызметкері И.Жаңбыршиева жазушының «Атау кере» шығармасын образға еніп оқып, қазылар алқасын тәнті етті. Келесі кезеңде қазылар алқасы қатысушылардың поэзиялық шығармаларды орындаудағы шеберліктерін байқады.
    Байқаудың әділ өтуіне облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Мартана Дәулетбаева және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД САТЖЖТ бас маманы, әділет капитаны Ж.Есмаханов қазылық етті. Олар қатысушылардың алдымен шығарманы таңдау талғамына мән беріп, мәтінді оқу шеберлігіне ерекше ден қойды.
    Байқау қорытындысымен ЗК-169/4 мекемесінің қызметкері И.Жаңбыршиева  жеңімпаз атанып, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының грамотасымен марапатталды. Жүлдегер И.Жаңбыршиева енді облыстық байқауда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің намысын қорғамақ.
    Дана ДОСТАНОВА
    Қызылорда облысы бойынша
    Қылмыстық-атқару департаментінің  
    мемлекеттік тілде іс жүргізушісі


06 ақпан 2018 ж. 827 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области