Дулат ТІЛЕУХАН: Мемлекет басшысының сенімін ақтауға дайынбыз

Kyzylorda-news.kz. 12 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға еліміздің белсенді жастары қатысып, өз ойларын ортаға салды, өзекті мәселелерді талқылады.

Айта кететіні, біздің ата-бабаларымыз кезінде айналысындағы жандарға көмегін көрсетіп, жақсылығы үшін ақы сұрамады. Олар қиыналған жандарға еш қайтарымсыз қолдау білдірді. Біз де осы ата-баба жолымен жүріп, олардың игі істерін жалғастыру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз.
Осы ретте, өзім жұмыс жасайтын «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық қозғалысы туралы айтып өтсем. Бұл ұйымның 15 жылдық тарихы бар. Біздің ұйым әркез қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Қазақстан студенттер Альянсы аймақтағы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, ондағы еріктілердің жұмысын дамыту бағытында үздіксіз қызмет етіп келеміз. Сонымен қатар пайдасы мол шаралармен де айналысудамыз. Алда мақсат көп.
Биыл еріктілер жылында өзіміздің жұмысымызды көрсетуге, сондай-ақ мемлекет басшысының сенімін ақтауға дайынбыз.
Дулат ТІЛЕУХАН,
«Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының
Қызылорда облысы бойынша төрағасы