Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ МАҢЫЗДЫ

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ МАҢЫЗДЫ


    ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел ыстық ықыласпен қабылдады. Елбасының әр кезеңде жолдап, дер кезінде тапсырмалар беріп, халық жағдайымен санаса отырып қарекет жасайтын сындарлы Жолдаулары қолдау тауып та келеді. Экономика, білім, денсаулық және т.б. сан-салаларды қалт жібермейтін оның бағыттары халыққа тиімділігімен маңызды. Сондықтан да біз өз тарапымыздан Жолдаудың бесінші бағыты бойынша пікіріміз бен ұсыныстарымызды білдіруді жөн санадық.
    Президент «Алты Алаштың анасы» атаған Қызылорда облысы – экономикасы мен әл-ауқаты дамыған өңір. Оның өркендеуі мен гүлденуіне қазіргі облыс әкімі Қ.Көшербаевтан бастап бүкіл қала, облыс тұрғындары атсалысып келеді. Айналамыздағы болып жатқан оң өзгерістер көңіл қуантады. Ғалым Қ.Бисеновтің басқаруындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымы әр кезде де Елбасы Жолдауларына бір кісідей жұмылудан айныған емес. Қорқыт бабамыз айтпақшы, «Өнегелі бала көрікті» дегендей, бар білімі мен білігін сол ұрпақ  тәрбиесі мен тәліміне жұмсайтын оқу ордасы ғылымға бет бұрған әрбір жасқа бар жағдайды жасап отыр. Сондықтан да мұнда ашылған PhD докторларды дайындайтын бірнеше мамандықтар бойынша ғалымдар сан-салада диссертациялық жұмыстарын абыроймен қорғап, Қазақстан өндірісіне өз пайдаларын тигізіп те үлгірді.
    Аталған Жолдаудағы бесінші «Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу» бағытында Президент: «Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда  30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек. Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ, ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керек» деп атап өтеді.
    Қала құрылысы кезінде ең бірінші жүретін жолдарды тыңғылықты жөндеуден өткізу ең маңызды шаруалардың бірі болып қала бермек. Осыған орай біз «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған «Асфалтты-парафинді шайыр қалдықтары негізінде асфальтобетон технологиясы (Қызылорда облысы Құмкөл кен орны мәліметтері негізінде)» тақырыбындағы диссертациямызды асфальтты-шайырлы парафинді мұнай қалдығы негізінде асфальттыбетон технологиясын жасауға арнадық. Өйткені, соңғы жылдардағы автокөлік тасымалдарында артып отырған жүк айналымы және Қызылорда облысындағы автокөліктер қозғалысының айтарлықтай артуы автокөлік жолдарын кеңейтуді талап етуде. Автокөліктердің жыл сайынғы ағымының артуы автокөлік жолдарының жабынына, жалпы бүкіл жолға күш түсіріп отыр. Ал жол жабынының төменгі қабаттарына қарағанда беткі асфальттыбетон қабаттарының жағдайы қолайсыз. Асфальттыбетон жабындарының ерекшелігі жүктеме әсерінің уақытқа, оның көлемі мен температурасына және төзімділігіне тәуелді болып табылады.
    Қызылорда облысының континентальды климатына жазғы кезеңдегі ыстық және қысқы мерзімде суық температура тән. Сондықтан климат жағдайы көлік жүктемесімен қосылып асфальттыбетон жабындардың төзімділігіне зор әсер етеді. Жабынды бастапқы пайдалану кезеңінің өзінде-ақ сызаттардың пайда болып, пластикалық бұзылуларды бақылауға болады. Жабындардың мерзімінен бұрын бүлінуінің негізгі себебіне қолданылатын битумдардың ұзаққа шыдамдылығы мен пайдалану қасиеттері жатады. Мұнайды қайта өңдеу зауыттары шығаратын жол битумдары өздерінің қасиеттері бойынша жабын жұмыс істейтін климат жағдайларына сәйкес емес. Соның салдарынан энергияны қажет етпейтін әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, асфальттыбетон жабындарының аязға, ығысуға, сызатқа төзімділігін және беріктігін арттыруға бағытталған тұтқырлы заттар жасау қажеттілігі өз-өзінен туындайды.
    Сырдың мұнайлы өңір екендігін ескерсек, жыл сайынғы қауіпті мұнай қалдықтарының көптеп жиналып, пайдаға асырылып жойылмауы жер ресурстарының ұзақ мерзімге жарамсыздығына әкеп соқтырады. Одан басқа асфальтты-шайырлы парафинді шөгінді бастапқы шикізат орнына жол құрылысына пайдалануға болатын екінші ретті материалдық ресурстарға жатады. Осылайша, автокөлік жолдарының жабынын салу және жол шаруашылығының басқа да қажеттіліктеріне органикалық тұтқыр ретіндегі кондицияланбаған шикізат негізіндегі асфальттыбетон араласпасын жасау технологиясын жетілдіру міндеті қазіргі күні өзекті болып отыр.
    Түркі дүниесіне ортақы абыз, данышпан ойшыл Қорқыт ата есімін иемденген Қызылорда мемлекеттік университетінің жас ғалымдары өз жұмыстарында зерттеп, көз жеткізген мәселелердің Қазақстан өндірісінде пайдаланылып, іске асып және оның жемісін көретіндіктеріне нық сенімді әрі Елбасы Жолдауларына үнемі қолдау білдіреді.
    Ұ.САРАБЕКОВА,
    Электр энергетикасы және өміртіршілік
    қауіпсіздігі кафедрасының қауымдастырылған
    профессоры міндетін атқарушы, PhD

13 ақпан 2018 ж. 841 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области