Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОРТАҚ ЖАЗУ – ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МӘЙЕГІ

ОРТАҚ ЖАЗУ – ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МӘЙЕГІ


Қазақ қоғамының латын графикасына көшу керектігін жақтаушылардың біріміз. Бұл реформаға қатысты ой-пікірлер еліміз тәуелсіздігін алғалы бері көтеріліп жүрген тың мәселелердің бірі.
Жалпы, бұл идеяны қазақ зиялылары құптап отырғаны анық. Латын графикасын қабылдау арқылы біз рухани, саяси дербестігімізді де нығайта түсер едік. Латын графикасы жалпы түркі халықтарының ортақ түсінісетін жазуы екендігі дау тудырмайды және қазіргі уақытта латын әр¬пін қолдану заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез-келген жаңа дүниелерді қабылдауға даяр болуымыз қажет.
Қазақ жазуын латынға ауыстыру Елбасы Н.Назарбаевтың айрықша назарындағы маңызды мәселе екендігін Ақорда сайтында жарияланған мына пікірінен көруімізге болады: «Қазақ тілін латынға ауыстыру орыс тілділердің, орыс тілінің және басқа тілдердің құқығына ешқандай нұқсан келтірмейді. Орыс тілі кирилл жазуында қала береді. Жаңа әліпбиге өту қазақ тілін үйренуді жеңілдетеді».
Профессор Ислам Қабышұлының «Біз латын әліпбиіне көшу туралы ұсынысты қолдаймыз. Өйткені, түрік ағайындардың дені латынға көшіп қойды. Шыңжандағы қазақтар болса, араб әрпімен отыр. Біздің ішкі Моңғолиядағы адамдар ұйғыр жазуын пайдаланып келеді. Сондықтан латынға көшкен дұрыс. Бірақ мұның бір қиындығы бар. Әдебиетттегі, мәдениеттегі бай мұраларымыздың барлығы кирилл әрпімен жазылып қалғандықтан, мұны да бүгін-ертең асығыс қолға алуға да болмайды. Егер Қазақстан латынға көшетін болса, Шыңжан қазақтары мен Моңғолия қазақтары бір жылдың ішінде көшеді деп ойлаймын» деген пікірі құптарлық.
Латын әрпіне көшуіміздің басты қажеттілігі неде? Біріншіден, саяси маңыздылығы. Атап айтқанда, кириллицамен енген отарлық санадан арылу үшін оның саяси маңызы зор. Екіншіден, латын жазуы қоғамның қолданысына жеңіл, заман талабына сай игеруге ыңғайлы. Және латын графикасының ғылым мен техника жағынан қолданыста дәлдігі мен ептілігін дүние жүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жазудың маңызды екендігіне ғылыми еңбектерінде баса назар аударып отырды, қадим араб тілінен жадид үлгісін жасап шығарды. Бұл ғалымның үлкен еңбегі екендігі баршаға мәлім. Жазуы дамымаған ұлттың ілгері дамымайтынын өз еңбектерінде үнемі алға тартатын ғалым, араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиін жасағанда әр дыбыстың табиғатына аса мән бергені байқалады. Осы әліпбиді түзгенде ғалым қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне терең мән беріп, тіл заңдылығына сәйкес реформа жасағанына куә боламыз. Ғалымның ең басты мақсаты араб графикасын қазақ халқының игілігіне айналдыру екені айқын.
1910 жылдан осы іспен айналысқан А.Байтұрсынұлы сол әліпбиді 1912 жылдан бастап қолданысқа енгізеді.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Бір халық әліпби жүйесін қабылдағанда оны өз тіліне «икемдеп, үйлестіру» керек екендігін, өйтпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешілмейтіндігін 1924 жылы «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде» ашық айтады. Сол сиезде сөйлеген сөзінде: «Еуропа жұртының тұтынған әліпбиі - көне семит әліпбиі. Көне семит әліпбиін өз тіліне үйлестіріп, финикий жұрты алған, онан грек, гректен латын, Еуропа жұрттары алған. Түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі, олардан куфалықтар алған. Куфалықтардан арабтар өз тіліне үйлестіріп алған... Олар өз тілдеріне үйлестіріп, артығы болса алып тастаған, кемтігі болса, әріп қосып толықтырған («Айқап»,1912, №4-5).
Ғалымның осы пікірін басшылыққа ала отырып, қоғамның талқылануына ұсынылған латын әрпіне негізделген қазақ әліпбиіндегі «Ә, Ғ, Й, Ң, Ө, Ш, Ч, Ү, У» әріптерінің апострофтармен (дәйекшелермен) берілгені қоғамның қабылдауына жеңіл, қолдануына ыңғайлы болатынына күмәнымыз жоқ. Тілші ғалым, арабтанушы маман ретінде, Ы / І дыбыстарының таңбасы латынша І-Ы және латынша І'-І дыбысы болса, тіліміздің фонетикалық заңдылығына сай келер еді деген ойдамыз.
Қорыта келгенде, қазақ мәдениеті дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне көшу кезек күттірмейді. Бекігелі отырған жаңа әліпбиіміз арқылы әлем қазақтары ала-құлалықтан арылып, ортақ жазуымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздің қалыптасатыны ақиқат.

Ә.АЛМАУЫТОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты
Ш.БАЙМАХАНОВА,
педагогика ғылымдарының магистрі
14 маусым 2018 ж. 679 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области