БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асқан 100 жаңа оқулық жобасы әлем жауһарларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туғызды.
Әлеуметтік-гуманитарлық салаға серпін беретін оқулық бар жағынан қол жетімділігімен тиімді. Кәсіби маман даярлауда озық үлгідегі ғылыми процестерге жол ашатын оқулықтар шетел тәжірибесінен құралған. Негізінен, ауқымы кең жоба болашақ ұрпақты қалыптастыруға таптырмас тың бастама. Өйткені, келешек түрлі сала мамандарына талап күшейіп, озық үлгідегі сапалы қызмет түрлері ұсынылады.
Мұндайда өміршеңдігімен дараланатын ғылыми әдебиеттерге терең бойлау болашақ үшін нақты қадам болып табылады. Аталған оқулықтар прагматизм мен бәсекеге қабілеттікті жетілдіретін қайталанбас мол мұралар тізбегіне кіреді. Жалпы алғанда әлеуметтік саланың бойына қан жүгіріп, білімді, білікті мамандар шоғыры сан алуан өзгеріске бейімделеді. Ал, гуманитарлық бағытта көтерілген мәселе төңірегінде айқын жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Аталған жобаның артықшылығы отандық ғалымдар өз тәжірибесіне шетелдік зерттеулерді салыстырмалы түрде енгізіп, жас ұрпаққа жаңа мазмұндылығы жоғары білімді бойларына сіңіреді. Қарқынды дамыған әлем державалары күнде бір жаңалық ашуға әуес келеді.
Дамушы мемлекет ретінде мамандар тәжірибесін арттыру, мүмкіншілігіне қарай сауаттылығын жоғарылатуда 100 жетекші оқулықтың пайдасы ескеріледі. Бұл орайда бүгінгі жастар ғылымға машықтанып, сөредегі келешегі кемел оқулықты қолына алса құптарлық жағдай.
Қоғамды техника жайлаған заманда кітап құндылығын түсірмеу қажет. Тегіннен-тегін қиырдағы ағайынның мол мұрасын аударуға күш салынып жатқан жоқ. Бұның барлығы келешекке құйылған инвестиция деп алсақ, ертеңгі күні келер ұрпақ пайдасын елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне жұмсайды.
Б.АЯБЕКҰЛЫ,
Сырдария ауданы