Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – МЕКТЕПТЕН БАСТАЛУЫ ТИІС

БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – МЕКТЕПТЕН БАСТАЛУЫ ТИІС

Президент Н.Ә.Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласында бізге күшті ұлт пен жауапты адамдар қажет екендігін көрсетті. Бұл байлықты шашпайтын, керісінше болашақты жасап, экономиканың «жаңа құндылықтарын» дәріптейтін ұрпақ. ХХІ ғасырдағы қазақстандық - шығармашыл, белсенді, болашаққа бет түзген жан, ең бастысы - білімді адам. Әрі бұл бағыт туралы қоғамдық көзқарас көз алдымызда өзгеруде. Білімсіз болу әлдеқайда сәннен қалған, жаңа ұрпақта мүлде басқа көзқарас қалыптасқан. Біздің жас ұрпақ өкілдері орта және үлкен буынға қарағанда әлдеқайда жақсы жағымен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы жастар білімді тез қабылдап алады және оны орта буын өкілдеріне қарағанда тез іске асырады.
Дегенмен, бұл өзгерістердің барлығы бүкіл қоғамға тәуелді. Егер еш нәрсе жасамай, күтіп отырсаң, өзгерістер өздігінен пайда болмайды. Білімге құлшыныс та өздігінен қалыптаспайды, бұл үдеріс мақсатты әрі басқарылатындай болу керек. Әрі онда білім беру жүйесі ең шешуші рөл атқарады. Дәл сол мектепті ерте жастан бастап азаматтық-біліктілік менталитетін қалыптастыруға, еңбек пен әлеуметтік қызметтің заманауи түрін меңгерген прагматикалық, күрделі шешімді қабылдай алатын білікті жас ұрпақ тәрбиелеу орны деуге болады. Қазақстандықтардың менталитетін қалыптастырып, білімге құштарлығын алдағы жылдары қалай қалыптастыруға болады? Бұл сауалға жауап беру үшін қазіргі сыртқы әлем білім нәтижесіне қандай талаптар қоятынын білу керек. Білімнің қандай бағыттары жастарды болашақта жетістікке жеткізетінін көре білу қажет. Әрі ол қазақстандық білім жүйесі бұл үдеден шыға ала ма, соны сараптау қажет. Стратегиялық міндеттерге қаншалықты дайын?
Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласындағы мына сөздерін еске түсірген жөн болар: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Педагогика ғылымдарының докторы Сәуле Мұқанова Давос Дүниежүзілік экономикалық форумындағы зерттеулерге сүйене отырып мектеп оқушыларға не үйретуі тиіс, олар нені білуі керектігіне тоқталды. Дүниежүзілік экономикалық форумның халықаралық сарапшылары заманауи қоғамның саяси, экономикалық және технологиялық өміріндегі жүйелі өзгерістерді ескере отырып, алдағы бес жылда өзекті болатын 10 кәсіби дағдыны анықтады. Дағдылар 2 топқа бөлінген.
Дағдының алғашқы тобына тез ойланып, мәселелерді шешіп, жаңа жобалар мен идеяларды жүзеге асыра алатындар жатады. Атап айтқанда: кешенді көп деңгейлі мәселелерді шешу (complex problem solving), сыни ойлау (critical thinking), креативтілік (creativity), эмоционалдық интеллект (emotional intelligence), ақылдың орамдылығы (cognitive flexibility). Дағдының екінші тобы – адамдармен қарым-қатынас жасау, әріптестерді басқару және келіссөз жүргізу, адамдарды түсіну, оларға қызмет көрсету. Бұған басқару (people management), өзара әрекет (coordinating with others), өзіндік пікір қалыптастырып, шешім қабылдау (judgment anddecision-making), клиентпен келісуді (service orientation), келіссөздер жүргізу (negotiation) жатады. Дәл осы жерде сұрақ туындайды: отандық орта білім беру жүйесі пәндер бойынша сапалы білім берумен бірге, жоғарыда айтылған негізгі дағдыларды үйретуге қаншалықты дайын?
Қазақстанның мектептері терең жаңғыртудың бастан кешіп жатыр. Заман талабына олар мемлекеттік стандарттарды жаңартып, білім нәтижесін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу арқылы төтеп берді. Бір жағынан өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибесінің үрдісіне, екінші жағынан мәдени-генетикалық кодымыздың негіздерінен құрайтын адамгершілік қасиеттерді балаларға сіңіруді көздейді. Білім беруді басқару мен бағдарламалардың мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ететін басқа да инновациялар болды. Дегенмен, мұның барлығы мектеп жаңа талаптарға сай екендігін, өскелең ұрпаққа қажетті жаңа дағдыларды үйрете алатындығын білдірмейді.
Өткен жылдар білім беру жүйесі консервативті және кеңестік үлгіден шыға алмай жатқанын көрсетті. Ол қалыптасқан, жүйеге түскен дәстүрлі оқу үдерісінен бас тартуға дайын емес. Әлбетте, бұл үдерісті түп-тамырымен жоюға тиіс емес. Бірақ, түлектер үйренетіндей әрі оны тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдермен толықтырып отыру керек. Бұл жерде белгілі бір деңгейде басқарушы әрі ақпараттық ресурс қажет: мұғалімдер оқушыларға математика немесе физика оқытып қана қоймай, оларды қарым-қатынас жасауға, басқара білуге үйретуі керек. Ең бастысы - білімін әрдайым жаңартып, толықтырып отыруға, өзін-өзі дамыту мәдениетін үйретуі тиіс. Бұл өзгерістер бізге тек тұжырым түрінде қажет емес, оны мұғалімдер түйсініп, түсіндіру керек. Яғни, Қазақстанның педагогикалық ортасының өзінде білімге құштарлықты дамыту қажет.

26 шілде 2018 ж. 895 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области