Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРКІ КЕЗЕҢІ. ҚАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ

ТҮРКІ КЕЗЕҢІ. ҚАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ


Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. Өткен жылдан бастап «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды.
Қызылорда облысы бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді. Бұған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, бүгінгі таңда аймағымыздағы 12 музейде «Рухани жаңғыру» тақырыбы ескеріле отырып, экспозициялар жаңартылды.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі – облыстағы ірі мәдени, ғылыми-зерттеу орталықтардың бірі. Нақты кезеңде музей қорында өлкеміздің ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін сан ғасырлық тарихынан терең сыр шертетін 55 мыңнан астам экспонат сақталуда. Музейдің археологиялық қорындағы экспонаттар ұлтымыздың баға жетпес байлығы болып табылады.
Еске сала кетсек, 2015-2016 жылдары облыстық музейдің 11 залдан тұратын экспозициясы толыққанды қайта жаңғыртылды. Соның ішінде Сыр өңірінің ертедегі тарихын баяндайтын "Археология" залының экспозициясын ерекше атап өтуге болады.
Қызылорда облысындағы ірі археологиялық кешендердің бірі – Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Жетіасар ескерткіші болып табылады. Бұл оазисте б.з.д. I мыңжылдықтың соңымен б.з. VIII-IX ғғ. дейін жалпы саны шамамен 50-ден аса қамал-қалалар бой көтерген.
Оның 27-сі Жетіасар алқабында 5-7-ден топ-топ болып, Сырдарияның көне салаларының бірі Қуаңдария мен ескі дариялықтың ондаған ұсақ тарамдары бойына салынған. Олардың қазіргі үйіндісінің биіктігі 18-20 метрге жетеді.
Асарлардың барлығы әртүрлі деңгейде жасалынған қорғаныс жүйелерімен қоршалған. Қорған іші тұрғын үй, зәулім сарай және қолөнер шеберлері тұратын бөліктерге бөлінген. Жетіасар шатқалында 1946, 1948 жылдары С.П.Толстовтың жетекшілігімен ХАЭЭ алғаш археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. [Левина Л.М. Керамика Нижней и Средней Сырдарьи в І тысячилетие н.э. Москва, 1971. 25-40 б.].
Одан кейін Л.М.Левинаның жетекшілігімен 1970-80 жж. археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылды. Экспозицияда Жетіасар туралы материалдар және кешеннен табылған керамикалық ыдыстар орналастырылды.
/жалғасы бар/
Асхат САЙЛАУ,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану
музейінің ғалым-хатшысы
10 тамыз 2018 ж. 1 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области