Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: ГРЕГОРИ МЭНКЬЮ «ЭКОНОМИКС»

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: ГРЕГОРИ МЭНКЬЮ «ЭКОНОМИКС»


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз»,- деген еді.
Президент тапсырмасымен Ұлттық аударма бюросы жедел жұмыстар атқарды. Бас-аяғы бір жыл мерзім ішінде қазақ тіліне 18 еңбек аударылды. Биылғы жылы тағы 30 оқулық аударылуда. Осылайша, 11 гуманитарлық пән бойынша қазақ тіліндегі 18 жаңа оқулық жарық көріп, озық еңбектер еліміздің оқу орындарының кітапханаларына таратылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде аударылған 18 оқулықтың ішінде Грегори Мэнкьюдің «ЭКОНОМИКС» атты кітабы бар.
Бұл Мэнкьюдің классикалық еңбегінің бейімделген нұсқасы. Бұл оқулықтың басты артықшылығы – автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде.
Зерттеулерде анықталғанындай, бұл оқулық қолдануға өте ыңғайлы және бизнеске бағдар бола алады. 4-ші басылым толықтай жаңартылды.
Кейбір идеяларды, мысалы, Марксизм мен Феминизм теорияларын кеңінен түсіндіру үшін жаңа тақырыптар қосылды. Қаржы нарығы туралы жаңа бөлім қаржы дағдарысы мен оның себептері тақырыбын қамтиды.
Ал соңғы бөлім дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда болуына қатысты сауалдарға жауап береді.
20 тамыз 2018 ж. 1 087 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области