Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КҮЛӘН ҚАЛЫМБЕТОВАНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ ЖОЛЫ

КҮЛӘН ҚАЛЫМБЕТОВАНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ ЖОЛЫ


Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде сақталған жеке тектік қорлардың қатарында Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан фолкьлор-зерттеуші, жырау Алмас Алматов, айтыскер ақын Бибігүл Жаппасбаева, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, ҚР-ның еңбек сіңірген әртістері Қаракөз Ақдәулетова мен Күлән Қалымбетовалардың құжаттары сақтаулы.
Сыр өңірі талай өнер саңлақтарының ордасына айналған киелі мекен. Шайырлар туған топырақ бүгінде бұлбұл үнді әншілерден кенде емес. Міне солардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова. Ол 1957 жылы 22 сәуірде Қазалы ауданы, қазіргі Бекарыстан би ауылында дүниеге келген. Әкесі Жантемір совхозда ферма меңгерушісі, ал анасы өте ісмер кісі болған.
1973 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінің бастауыш мектеп мамандығы бойынша бітіріп, 1977 жылы «Мелиоратор» сарайына көркемдік жетекші болып қызметке орналасқан. Мұнан соң Қызылорда педагогикалық институтының музыка бөліміне оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен бітіріп шықты.
Күлән Қалымбетова 1978 жылы қаңтар айында облыстық «Өмірді әнмен өрнектейміз» атты байқауға қатысып, сол жылы облыстық филармонияның әншісі болып қабылданады.
Жасаған еңбегіне алған марапаттауларына тоқталсақ, 1992 жылы ән әлемінің биігінде жүрген Күлән Қалымбетова Ш.Қалдаяқов атындағы ән конкурсының ең алғашқы лауреаты атанды. Әнші 1993-1994 жылы Алматы қаласында өткен «Қарқара» жәрмеңкесіне қатысады. Сонымен бірге, көрші Өзбекстан, Бұқара, Самархан, Новаи, Тәжікстан мен Қырғыстан елдерінде болып, өнер көрсетті. Соның нәтижесінде 1998 жылы 13-мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағын алады.
2002 жылы жыл қорытындысы бойынша «Халықтың сүйікті әншісі» номинациясына ие болды. 2008 жылы облыс әкімінің стипендианты атанып, 2009 жылы Қызылорда облысына-70 жыл, Қызылорда қаласына-190жыл, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
Халықтың ыстық ықыласына бөленген Сыр сандуғашы туралы газет беттерінде «Сырдың бұлбұл әншісі», «Сахна сандуғашы», «Ән қанатында», «Өнер тарланы» атты мақалалар жарияланды. К.Қалымбетованың репертуарындағы «Сәулем-ай», «Керім-ау айдай», «Әттең тонның келтесі-ай», «Күміс құмған», «Қайдасың», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик» секілді сызылта салған әндері арқылы талай жүректерді жаулап алғаны белгілі.
Сыр өңірінде құрметтеуге тұрарлық талант иелері мен өнер қайраткерлерінің жеке тектік құжаттары архивте сақталуда.
Айнұр ӘЛИАСҚАРОВА,
Қызылорда облысының мемлекеттік архивисі
06 қыркүйек 2018 ж. 1 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области