Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КИЕЛІ МЕКЕНДЕР ҚАСИЕТКЕ БАСТАЙДЫ

КИЕЛІ МЕКЕНДЕР ҚАСИЕТКЕ БАСТАЙДЫ


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтеріліп отырған тақырыпты кеңінен сөз етті. Мақалада: «Біз тарихымызды осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретіндеп орнықтыруды меңзейді» делінген.
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр аймақты алып жатқан ұлы далада тәу етерлік қасиетті мекендер баршылық. Олардың қатарына Қызылорда облысындағы Қорқыт баба кесенесін, Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін жатқызуға болады. Тіпті, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудағы киелі мекендерді де сабақтастырған жөн. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Елбасының рухани жаңғыру саласы бойынша берілген тапсырмасына сайкес, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жалпы, елімізде республикалық 218 және  жергілікті деңгейдегі 11277 ескерткіш бар. Бүгінде тарих және мәдени ескерткіштердің тізімі бекітілген. Бұл тізімде жиырма бес мыңнан аса тарих, археология, архитектура монументалды өнердің жылжымайтын ескерткіштері көрсетілген.
Республика бойынша 2014 жылдан бастап барлығы 100-ден аса маңызды тарих және мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, рестраврациялаудан өткен екен.
Тарихи ескерткіштерге келгенде Сыр елінің де алып-қосары көп. 2004 жылдан бастап елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. Бұл жұмыстардың Сыр елінде де жүйелі түрде жүргізілгенін атап өту қажет.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағынан Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескерткіштері мен Сауысқандық петроглифтері секілді тоғыз ескерткіш енгізілді.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында аймақ архивтері Орынбор, Ташкент, Тәжікстан, Париждің мемлекеттік архивтеріндегі аса құнды тарихи құжаттармен толықты. Осы ретте, ел көлеміндегі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік тізіміне енген басқа да ескерткіштерге тоқталайық. Олардың қатарында Қожа Ахмат Яссауи мавзолейі, Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, «Сарыарқа-Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» нысаны кірген. Жібек жолының Жетісу бөлігінде Талғар, Қаялық, Қарамерген, Ақтөбе, Өрнек, Құлан, Қостөбе, Ақыртас археологиялық кешені Қазақстанның сегіз нысаны  аталған тізімге енген.
Президент мақаласында елдің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқаны айтылады. Жат идеологияларға өзіміздің ұлттық құнды¬лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере алатынымыз айқын. Көптеген құндылықтарымыз бізге халық ауыз әдебиеті арқылы жетті. Оның ішінде ертегілер, батырлар және ғашықтық жырлары бар. Қазақ әдебиеті тарихында бұларға егжей-тегжейлі тоқталады. Жырлардағы батырларды ата-аналары әулие-әмбиелерді жағалап, құдайдан тілеп алады. Бұл оқиға Алпамыста да, Қобыландыда да кездеседі.  Қарап отырсақ, киелі мекендерде біз білмейтін әлі қаншама қасиет бар екен. Қазақстанның қасиетті жерлерінің гео-графиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлт-тық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екені сөзсіз.
Әрбір аймақта сұранысқа ие қасиетті жерлер бар. Мәселен, қазіргі Түркістан облысында Ахмет Яссауи мавзолейінен бөлек, Арыстан баб, Укаша ата, Жылаған ата, Баба түкті шашты Әзиз сынды басқа да жұртшылық көп баратын киелі орындарды кездестіресіз.
Сол сияқты Сыр өңірінде де Қорқыт бабадан бастап жеті әулие байыз тапқан Оқшы ата, Хорасан ата секілді әулиелі мекендер баршылық. Бұлардың әрбірінің өзіндік тарихы бар.
Шиелі жерінде орналасқан Оқшы ата қорымында Асан ата, Оқшы ата, Қыш ата, Ғайып ата, Кітап ата, Есабыз сынды  көне мазарларда осы елдің гүлденуіне атсалысқан ғұламалар жерленген.
Елбасы бастамасымен қайта жаңғыртудан өткен Қорқыт ата мемориалдық кешені бүгінде туристер көп баратын аймаққа айналды. Дана Қорқыт – бүкіл түркі жұртына ортақ тұлға. Кең даланы қобыздың қоңыр үнімен тербеген ғұлама жайлы айтылатын аңыз-әпсаналар кімді болса да бей-жай қалдырмайды.
Жас ұрпақ осындай қасиетті де киелі орындардың тарихын біліп өссе, келешегін ұлттық тамырымен байланыстырады. Ал, ұлттық тамырдың не екенін көзі қарақты оқырманға түсіндірудің қажеті жоқ шығар.
Мемлекет басшысы айтқандай, біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Бұл жолда жұдырықтай жұмылып, мызғымас бірлікте болуымыз қажет.

А.БЕК
27 қыркүйек 2018 ж. 757 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области